2025 жылғы наурыз-маусымда және
қыркүйек-желтоқсанда азаматтарды
мерзімді әскери қызметке шақыруды
өткізуді ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 28, 31-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» 2025 жылғы 13 ақпандағы № 782 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары 34 – тармағының 4-тармақшасына және 34-1 – тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Мыналар:
- Астана қаласы әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Алматы» ауданы әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Алматы» ауданы әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 5-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 6-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Есіл» ауданы әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Есіл» ауданы әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Нұра» ауданы әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Нұра» ауданы әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 10-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әскерге шақыру комиссиясының жеке құрамы мен жұмыс режимі осы қаулыға 11-қосымшаға сәйкес;
- Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әскерге шақыру комиссиясының резервтік құрамы осы қаулыға 12-қосымшаға сәйкес;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Астана қаласы бойынша азаматтарды мерзімді әскерге шақыруды өткізу кезіндегі аудандық және қалалық медициналық комиссияларының жұмыс кестесі осы қаулыға 13-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес азаматтарды медициналық куәландыру бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) әскерге шақыруға жататын азаматтарды рентгенологиялық тексеру үшін қалалық жинау пунктін 2025 жылғы 1 наурыздан 31 шілдеге дейінгі және 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде жылжымалы флюорографиялық кабинетпен қамтамасыз етсін.
- «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде әскерге шақыруды өткізу кезінде көмек көрсету үшін Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Нұра» және «Сарыарқа» аудандарының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына техникалық жұмыскерлерді жіберу қажеттігін ескерсін.
- «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Көлік басқармасы) өз құзыреті шегінде әскерге шақырылушыларды жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Астана қаласының Қорғаныс істері департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Қорғаныс істері департаменті) тапсырысына сәйкес көлік бөлуді қамтамасыз етсін.
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласының Полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
- «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Астана қаласы Көліктегі полиция департаментінің «Астана» станциясындағы желілік полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскерге шақырылушыларды әскери қызмет өткеру орнына жіберу (кету) кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдасын.
- Астана қаласы әкімдігінің «Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) әскерге шақыру пунктінде әскери командаларды әскерге шақырылушылармен жасақтау кезінде әскерге шақырылушыларды (резервті есепке ала отырып) үш реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) әскерге шақыру комиссияларын қажетті ұйымдастыру техникасымен, кеңсе тауарларымен, бланкілік өніммен, сондай-ақ медициналық комиссияларды медикаменттермен, құрал-жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін;
3) Қорғаныс істері департаментінің сұранысы бойынша Көлік басқармасының көлік бөлу кезіндегі шығындарын қаржыландыруды, сондай-ақ көрнекі үгіт-насихатты қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
4) осы мақсаттарға Астана қаласының бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде жалпыға бірдей әскери міндетті орындауды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
- «Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарына шақырылған әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салуды өткізу бойынша іс-шараларды ұйымдастырсын.
- «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) әскерге шақыру науқанын бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
2) Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Нұра» және «Сарыарқа» аудандарының аумақтарында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы көрнекі үгіт-насихатты дайындасын және оларды таратуды қамтамасыз етсін.
- Астана қаласы әкімінің орынбасары – қалалық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Е.С. Мейірханов әскерге шақыру басталар алдында мүдделі мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын, Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Нұра» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесін (келісім бойынша) тартумен олардың әскерге шақыруды өткізуге дайындығы және кезекті шақыруға тапсырмалар қою туралы есептерін тыңдаумен мәжіліс өткізсін.
- Астана қаласы «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл», «Нұра» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдері осы қаулыға сәйкес барлық іс-шараларды орындауды қамтамасыз етсін.
- Астана қаласы әкімінің орынбасары – қалалық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Е.С. Мейірханов Астана қаласының әкімдігін 2025 жылғы 15 шілдеде және 2026 жылғы 15 қаңтарда осы қаулының орындалуы туралы ақпараттандырсын.
- 13. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары Е.С. Мейірхановқа жүктелсін.
- 14. Осы қаулы оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Астана қаласының әкімі Ж. Қасымбек
Астана қаласы
әкімінің бірінші орынбасары Н. Нұркенов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Байкен
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Глотов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Мейірханов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Өтебаев
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. Ешкеев
«Астана қаласының Қаржы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә. Жұмаев
«Астана қаласының Экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Түгелбаева
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
басшысының орынбасары Ж. Шаукентаев
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі мемлекеттік -
құқықтық бөлімінің басшысы Т. Мусин
«Астана қаласының Ішкі саясат
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Н. Әлмұханов
«Астана қаласының
Дін істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. Көшқалиев
«Астана қаласының Жұмыспен
қамту және әлеуметтік қорғау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы И. Скуб
«Астана қаласының Жұмылдыру
дайындығы, аумақтық және азаматтық
қорғаныс басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Р. Бешеев
«Астана қаласының
Қоғамдық денсаулық сақтау
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ә. Рүстемова
«Астана қаласының Көлік және
жол-көлік инфрақұрылымын
дамыту басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы А. Қарағойшин
«Астана қаласының
Дене шынықтыру және спорт
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы В. Левит
Келісілді
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Астана қаласының
Полиция департаменті» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________М. Төлебаев
2025 жылғы «___»____________
Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлігі «Астана қаласының
Қорғаныс істері департаменті»
республикалық мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_________________Ф. Құрманғажынов
2025 жылғы «___»____________