
Әскери-экономикалық оқулар – жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттің жұмыс істеуіне мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, әкімшілік-аумақтық бірліктерді, халықты және Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, арнаулы мемлекеттік органдарды дайындау нысаны.
«Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысады.