GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
«Астана – есірткісіз қала»: Елордада түсіндіру-профилактикалық іс-шарасы өтті

«Астана – есірткісіз қала» жоспары аясында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Астана қаласының Полиция департаменті бірлесіп, «ТОКК КАЗАХСТАН» ЖШС өндірістік кәсіпорнында түсіндіру-профилактикалық іс-шарасын өткізді.

Іс-шара барысында есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңнама талаптарын сақтау және қызметкерлердің есірткі құралдарының заңсыз айналымының құқықтық салдары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне баса назар аударылды.

Іс-шараның мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту және елордада қауіпсіз орта қалыптастыру.

20 октября 2026
Астанада «Адал кәсіпкер» байқауына өтінім қабылдау басталды

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында өтетін «Адал кәсіпкер» өңірлік байқауына жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды қатысуға шақырады.

Байқау адал бизнесті қолдауға және жауапты кәсіпкерлік мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Қатысушылар бес номинация бойынша бақ сынайды:

«Үлгілі салық төлеуші»
«Жауапты жұмыс беруші»
«Қауіпсіз бизнес»
«Әлеуметтік жауапты бизнес»
 «Үздік өндірістік бизнес»
Байқауға Астанада тіркелген және кемінде екі жылдан бері қызметін жүзеге асырып келе жатқан жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Қатысу үшін салықтар мен міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы, заңнаманы өрескел бұзуға қатысты заңды күшіне енген сот актілерінің болмауы және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау қажет.

Банкроттық немесе тарату рәсіміндегі, сондай-ақ заңнаманы жүйелі түрде бұзу фактілері бар субъектілер байқауға қатыстырылмайды.

Өтінімдер 23 қазан сағат 18:00-ге дейін қабылданады. Уақтылы тапсырылған өтінімдерге толықтыруды 26 қазан сағат 12:00-ге дейін енгізуге болады.

Өтінімдер legalprotection.nqz@atameken.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Байланыс үшін:
Асель Утегенова, +7 775 153 3233.

19 октября 2026
Астанада екі күнде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне 50 мыңнан астам адам келді

17 және 18 қазан күндері Астанада Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Екі күн ішінде жәрмеңкеге 50 мыңнан астам адам келді. Елордаға 1600 тоннадан астам өнім жеткізілді. Оның ішінде ет және сүт өнімдері, көкөністер, жемістер, бал, азық-түлік тауарлары және басқа да өнімдер ұсынылды.

Үш өңірдің өндірушілері жәрмеңкеге 300 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, оның ішінде сиыр, жылқы және қой етін әкелді. Сонымен қатар қосалқы ет өнімдері, қазы мен қарта қолжетімді бағамен сатылды. Үйрек пен қаз етін де нарықтағыдан төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік болды.

Балық өнімдерінің де түр-түрі ұсынылды. Келушілер сазан, көксерке, форель және албырт балығын сатып ала алды.

«Мен жәрмеңкеге екі күн қатарынан келдім. Кеше көкөністер мен жемістер сатып алдым. Мұндағы бағалар дүкендерге қарағанда төмен. Пияз, картоп, ұн, сәбіз алдым. Бүгін ет алуға келдім. Еттің бағасы нарықтағыдан әлдеқайда арзан», – деді елорда тұрғыны.

Сүт өнімдерінің де таңдауы мол болды. Үй сүті, айран, сүзбе, қаймақ, сары май және ірімшіктің түрлі сұрыптары тиімді бағамен сатылды.

«Біз Павлодар облысынан үйде дайындалған сары майдың екі түрін – тұздалған және тұздалмаған май әкелдік. Кеше 65 келі май саттым, ал бүгін небәрі екі сағаттың ішінде шамамен 15 келі май өтті. Біз жыл сайын елордаға өз өнімдерімізді әкелеміз. Адамдар дәмін татып көреді, ұнатады және қуана сатып алады», – деді Павлодар облысынан келген кәсіпкер.

Келушілер арасында Баянауыл мен Жаңаарқаның қымызы ерекше сұранысқа ие болды. Сондай-ақ сатып алушылар Ұлытау облысынан әкелінген тұзды құ

«Ең дәмді қымызды Жаңаарқадан табуға болады. Біз бір литрін 1700 теңгеге сатып алдық. Табиғи өнім, дәмі өте керемет», – деп бөлісті астаналық тұрғын.

Жәрмеңкеде балдың түрлі сұрыптары мен күнбағыс майы да ұсынылды. Бұдан бөлек, Павлодар облысының өндірушілері үй жағдайында дайындалған шұжықтар мен ірімшіктердің кең ассортиментін ұсынды.

 

Көкөністер мен жемістерге де сұраныс жоғары болды. Сауда сөрелерінен алма, алмұрт, құрма, банан, жүзім, мандарин және апельсин табуға болатын еді.

«Қарбыз бен екі қауын сатып алдым. Өте үлкен екен, дәмді болады деп ойлаймын. Бағалары да жақсы. Жақында қарбыз бен қауынды жәрмеңкелерден де, дүкендер мен базарлардан да табу қиын болады. Маусым аяқталып келе жатқандықтан, адамдар сатып алып үлгеруге тырысып жатыр», – деді елорда тұрғыны.

Сонымен қатар жәрмеңкеде жидектердің түрлі түрлері мен шайдың кең ассортименті сатылды. Атап айтқанда, көк шай, қара шай, шөп шайы, жеміс және зімбір шайлары, сондай-ақ түрлі шөп қоспалары ұсынылды.

Кәсіпкерлер дайын өнімдерді де әкелді. Олардың қатарында үй жағдайында дайындалған салаттар мен түрлі пісірілген нан-тоқаш өнімдері болды.

Азық-түлік тауарларымен қатар келушілерге қолөнер бұйымдары да ұсынылды. Шеберлердің бірі жәрмеңкеге ағаштан жасалып, қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендірілген домбыраларды алып келді.

Келушілер үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жәрмеңке елорда тұрғындарына отандық сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға, ал өңірлік өндірушілерге өз тауарларын көпшілікке таныстыруға мүмкіндік берді.

19 октября 2026
Астанада Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары басталады

Астанада 17-27 қазан күндері Республика күніне орай «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Акциялар аясында елорда тұрғындары мен қонақтары азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды арзан бағада сатып ала алады.

Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың негізгі кезеңі 21-27 қазан аралығында өтеді. Бұл күндері елорданың сауда орталықтары мен дүкендерінде түрлі тауарларға жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар ұйымдастырылады.

Акцияларды Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қолға алды.

Акциялардың мақсаты – тұрғындар үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыру, отандық өндірушілерді қолдау және ішкі сауданы дамыту.

Астанада «Republic Day» акциясына 10 сауда-ойын-сауық орталығы, ал «Bereke Fest» акциясына түрлі сауда желілерінің 48 сауда нысаны қатысады.

«Republic Day» акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі:

  • «Mega Silk Way» СОСО – Қабанбай батыр даңғылы, 62.
  • «Хан Шатыр» СОСО – Тұран даңғылы, 37.
  • «Аружан» СОСО – І. Жансүгіров көшесі, 8/1.
  • «Сарыарқа» СОСО – Тұран даңғылы, 24.
  • «Asia Park» СОСО – Қабанбай батыр даңғылы, 21.
  • «Даму мол» СОСО – Ж. Нәжімеденов көшесі, 26.
  • «Green Mall» СОСО – Сығанақ көшесі, 17Б.
  • «Koktal» СОСО – Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12А.
  • «Жібек жолы» СОСО – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 34.
  • «NCITY» СОСО – Тұран даңғылы, 53В.

«Bereke Fest» акциясына қатысатын сауда нысандарының тізімі:

«Magnum» сауда желісі

  1. Тұран даңғылы, 55Д.

«Астықжан» сауда желісі

  1. Ақжол көшесі, 28.
  2. Ж. Нәжімеденов көшесі, 26.
  3. Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 15.

«SMALL» сауда желісі

  1. Сұбханбердин көшесі, 2/1.
  2. Бөгенбай батыр даңғылы, 26.
  3. Абай даңғылы, 48, «Жаннұр» сауда үйі.
  4. Кенесары көшесі, 4, «Эмират» ТК.
  5. Абылай хан даңғылы, 27/3, «Азия Сити» сауда үйі.
  6. Тұран даңғылы, 65.
  7. Қабанбай батыр даңғылы, 21, «Asia Park» СОСО.
  8. Қабанбай батыр даңғылы, 6/2.
  9. Шыңғыс Айтматов көшесі, 44.
  10. Достық көшесі, 18, «Москва» БО.
  11. Масаты көшесі, 24.
  12. Ұлы Дала даңғылы, 88.
  13. Қошқарбаев даңғылы, 15А.
  14. С. Асфендияров көшесі, 1.
  15. Жұмекен Нәжімеденов көшесі, 34А.
  16. Сығанақ көшесі, 1Б, «Tumar» сауда үйі.
  17. А. Байтұрсынұлы көшесі, 34, «Jibek Joly» СОСО.

«SPAR» сауда желісі

  1. Кенесары көшесі, 38.
  2. Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 21, «Балқадиша» ТК.
  3. Әнет баба көшесі, 7, «Қыран» ТК.

«АНВАР» сауда желісі

  1. Тұран даңғылы, 45.

«Greenwich» сауда желісі

  1. Қорғалжын тасжолы, 43.
  2. А. Байтұрсынұлы көшесі, 29А.

«ВКУСМАРТ» сауда желісі

  1. Кенесары көшесі, 80.

«Фермаг» сауда желісі

  1. Қабанбай батыр даңғылы, 9/2
  2. Мәңгілік Ел даңғылы, 53
  3. Ұлы Дала даңғылы, 61
  4. Иманбаев көшесі, 7А
  5. Қошқарбаев даңғылы, 56
  6. Аманжолов көшесі, 32
  7. Мұхамедханов көшесі, 19
  8. Төле би көшесі, 46
  9. Төле би көшесі, 57
  10. Бөкейхан көшесі, 8
  11. Бөкейхан көшесі, 20
  12. Сарайшық көшесі, 8
  13. Ұлы Дала даңғылы, 27
  14. Конституция көшесі, 22
  15. Алматы көшесі, 11
  16. Сығанақ көшесі, 2
  17. Әл-Фараби көшесі, 9/1
  18. Қалдаяқов көшесі, 17
  19. Тыныбаев көшесі, 18
  20. Ұлы Дала даңғылы, 41/4
19 октября 2026
Астана қаласының кәсіпкерлерін «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырамыз!

Астана қаласының кәсіпкерлерін

«Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырамыз!

Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы 2026 жылға арналған «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға шақырады.

Акцияның мақсаты – өз қызметін адал жүзеге асыратын, салық міндеттемелерін уақытылы орындайтын, қызметкерлердің құқықтарын сақтайтын, еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындайтын және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын ұстанатын кәсіпкерлерді ынталандыру.

Акция келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

  1. «Үлгілі салық төлеуші»;
  2. «Жауапты жұмыс беруші»;
  3. «Қауіпсіз бизнес»;
  4. «Әлеуметтік жауапты бизнес»;
  5. «Үздік өндірістік бизнес».

Акцияға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Таңдалған номинация көрсетілген толтырылған өтінім;
  2. Кәсіпорын және оның жетістіктері туралы қысқаша ақпарат;
  3. Акция шарттарына сәйкес растайтын құжаттар.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 23 қазан сағат 18:00-ге дейін.

Толтырылған өтінім мен қажетті құжаттарды WhatsApp арқылы +7 775 153 32 33 (Әсел Өтегенова) нөміріне жолдау қажет.

Астана қаласының кәсіпкерлерін акцияға белсенді қатысуға шақырамыз!

Қосымша: «Адал кәсіпкер» акциясына қатысуға арналған өтінім нысаны.

ФОРМА заявки

Положение о проведении регионального конкурса

16 октября 2026
Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар жүргізілуде

Астанада қысқы маусымға дайындық аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және тұрғындарды қажетті өнімдермен үздіксіз қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Елордадағы азық-түлік қорын қалыптастыру, фермерлермен тікелей келісімшарттар жасасу және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жанабаев 24KZ телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Мақсат Қайратұлының мәліметінше, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарының өндірушілерімен 11 мың тоннадан астам көкөніс жеткізуге форвардтық келісімшарттар жасалған. Сондай-ақ Ақмола, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай және Ақтөбе облыстарының кәсіпорындарымен 7 мың тоннаға жуық бакалея, сүт және ет өнімдерін жеткізу келісілген.

Бағаны тұрақтандыру үшін фермерлермен тікелей келісімшарттар жасалып, оларға егін егу кезеңінде алдын ала қаржы беріледі. Сонымен қатар айналым механизмі аясында кәсіпкерлерге қайтарымды негізде жеңілдетілген қаржыландыру ұсынылады. Бұл шаралар өнім қорын қалыптастыруға және делдалдық тізбекті қысқартуға мүмкіндік береді.

Келісімшарттар аясында жеткізілетін өнімдер «Magnum», «Small», «Фермаг», «Астықжан», «Вкусмарт», «Анвар», «Аян» сауда желілерінде, сондай-ақ «Шапағат», «Көктал» және «Сауран» базарларында белгіленген бағамен ұсынылады.

Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 180 мың тоннадан асатын қоймалар бар. Олар азық-түлікті ұзақ мерзімге сақтауға және қысқы кезеңде нарыққа жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Астанада еліміздің 15 өңірінен келген тауар өндірушілердің қатысуымен күзгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп жатыр. Мұнда тұрғындар көкөніс пен басқа да өнімдерді делдалсыз сатып ала алады.

Азық-түлік бағасына бақылауды өңірлік комиссия жүзеге асырады. Оның құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Комиссия сауда орындарындағы баға қалыптастыру үдерісін қадағалап, негізсіз үстемелер мен артық делдалдық буындарды анықтайды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесі 31 түрге дейін кеңейтілді. Оларға белгіленетін шекті сауда үстемесі 15 пайыздан аспауға тиіс. Бұл талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.

 

Тұрақтандыру қорының негізгі міндеті – елорданың азық-түлікке деген барлық сұранысын өтеу емес, нарықтағы бағаның күрт өсуін тежеу және әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қолжетімділігін қамтамасыз ету.

 

Толығырақ бейнематериалда:

https://youtu.be/C782Ui77gmg?si=qcrZDeRBhZZSPqqZ

 

16 октября 2026
«Штадлер Қазақстан» зауытында Ашық есік күні өтті

14-15 қазанда елорданың №1 Индустриялық паркінде орналасқан «Штадлер Қазақстан» ЖШС зауытында қазақстандық жеткізушілерге арналған алғашқы Ашық есік күні өтті. Іс-шараға еліміздің түрлі өңірінен 36-дан астам компания шақырылды. Қатысушылар арасында Stadler жобасына қажетті бөлшектерді жеткізіп жүрген компаниялар, сондай-ақ аудит пен валидациядан сәтті өтіп, жеткізілім көлемін келісу кезеңіндегі кәсіпорындар болды. Бұған қоса, іс-шараға зауыттың жаңа өндірістік цехтары ашылғаннан кейін қажетті өнімдер мен қызметтерді ұсына алатын кәсіпорындар да қатысты.

Бүгінде Stadler Kazakhstan өндірісінен шыққан 85-тен астам жолаушылар вагоны «Жолаушылар тасымалы» АҚ балансына өткізілді. Астанадағы Stadler зауытында өндірістің негізгі технологиялық кезеңдері жолға қойылған: кәсіпорында болат шанақтарды дәнекерлеу және бояу, электр және вагон асты жабдықтарын шығару, арбашалар жасау, пневматикалық және электр жүйелерін монтаждау, сондай-ақ вагондардың барлық түрін шығару жұмыстары жүргізіледі.

Қазір компанияда 650-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Жаңа цехтар үшін қосымша 100-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.

Stadler — теміржолға арналған жылжымалы құрам өндіретін әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Компания жоғары сапалы өнімдерімен және заманауи технологиялық шешімдерімен танымал. Қазіргі таңда оның әлем бойынша 16 зауыты, 8 инженерлік орталығы және 95-тен астам сервистік орталығы бар.

«Штадлер Қазақстан» ЖШС — Stadler тобының Азиядағы алғашқы өндірістік кәсіпорны. Компания 2023 жылы Қазақстан астанасында құрылған. 2022 жылдың соңында Stadler компаниясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-мен жеке тапсырыс бойынша 557 жолаушылар вагонын өндіру және оларға сервистік қызмет көрсету жөнінде бірқатар келісімшарт жасасты. Жылжымалы құрамды жеткізу 2030 жылдың соңына дейін жалғасады. Сонымен қатар компания алдағы 20 жыл бойы вагондарға толық техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

16 октября 2026
Астанадағы жәрмеңкеде Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының өнімдері ұсынылады

Астанада 17-18 қазан күндері Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарының тауар өндірушілері қатысатын кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Үш өңірдің шаруалары елорда тұрғындары мен қонақтарына 1600 тоннадан астам азық-түлік өнімін ұсынады.

Жәрмеңкеде ет және ет өнімдері, сүт өнімдері, көкөністер, жұмыртқа, балық, бал, бакалея тауарлары және басқа да азық-түлік түрлері кеңінен ұсынылады.

Павлодар облысының тауар өндірушілері 110 тонна ет және ет өнімдерін, 440 тонна көкөніс, 17 тонна сүт өнімдерін, 24 тонна бакалея тауарларын, 14 тонна балық, 10 тонна бал, 100 мың дана тауық жұмыртқасын және басқа да өнімдерді ұсынады.

Солтүстік Қазақстан облысынан 1000 тоннадан астам өнім жеткізіледі. Оның ішінде 110 тонна ет және ет өнімдері, 400 тоннадан астам көкөніс, 180 тоннадан астам сүт өнімдері, 80 тоннадан астам бакалея тауарлары, 5 тонна балық, 10 тонна бал, сондай-ақ 240 мың дана тауық жұмыртқасы бар.

Ұлытау облысынан жәрмеңкеге 60 тонна ет және ет өнімдері, 20 тонна сүт өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары жеткізіледі.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізудің негізгі мақсаты – елорда тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы отандық өнімдермен қамтамасыз ету. Сатып алушылар азық-түлік тауарларын делдалсыз, тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

 

https://www.instagram.com/p/Deg0GplgGy4/

 

15 октября 2026
Астанада жаңа жылдық безендіру мәселесі талқыланды

14 қазанда Hilton Garden Inn Astana қонақ үйінде елорданы Жаңа жыл мерекесіне дайындау мәселелері бойынша кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы ұйымдастырған жиынға сауда орталықтарының, қонақүйлердің, мейрамханалардың, бизнес орталықтарының және басқа да кәсіпкерлік нысандардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында басқарма басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев қаланың мерекелік келбетін қалыптастыруда кәсіпкерлердің үлесі маңызды екенін атап өтті. Ол бизнес өкілдерін ғимараттардың қасбеттерін, кіреберістерін және іргелес аумақтарын жаңа жылдық безендіруге белсенді қатысуға шақырды.

Биыл басқарма Урбанистика орталығымен бірлесіп, қаланың негізгі көшелерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарды жаңа жылдық безендіру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар сауда орталықтарын, мейрамханаларды, қонақүйлер мен бизнес орталықтарын қамтиды.

Қалалық урбанистика орталығының директорының орынбасары Данияр Чиндалиев елорданы қысқы безендірудің бірыңғай тұжырымдамасын таныстырды. Ол мерекелік жарықтандыру кезінде ғимараттардың сәулеттік ерекшеліктерін ескеру, түстердің үйлесімділігін сақтау және безендіру элементтерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде түсіндірді.

Сондай-ақ кәсіпкерлерге ғимараттардың сыртқы келбетімен қатар, кіреберіс аумақтарын безендіруге, жарық құрылғыларын қауіпсіз орнатуға және қыс мезгілінде айналаны таза ұстауға көңіл бөлу ұсынылды.

Жаңа жылдық безендіру жұмыстары 30 қарашаға дейін аяқталуы тиіс. Желтоқсан айының басында елордадағы кәсіпкерлік нысандар мерекеге дайын болуы қажет.

Сонымен қатар, Туризм күніне орай Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығымен бірлесіп, бірқатар қонақүй өкілдерін марапаттады. Саланың дамуына үлес қосқан мамандарға Құрмет грамоталары, сондай-ақ «Туризм саласының үздігі» және «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілері табысталды.

Марапаттау рәсімі елордадағы қонақүй бизнесі өкілдерінің туризм саласын дамытуға, қаланың туристік тартымдылығын арттыруға және қонақжайлылық индустриясын ілгерілетуге қосқан үлесін атап өтуге бағытталды.

Кездесу соңында басқарма өкілдері кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдап, қаланы мерекеге дайындау барысында бірлесіп жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.

 

https://www.instagram.com/p/Dees1RKg1mt/

15 октября 2026
WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті

Бүгін Эр-Рияд қаласында WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті. Салтанатты шарада Қазақстанның туы көтерілді. Бұл - 2028 жылы әлемдік энергетика қауымдастығының Астанада бас қосатындығын білдіреді.

Рәсімге WPC Energy президенті Педро Мирас, Сауд Арабиясының Ұлттық даму қорының басқарушысы Абдулазиз Әл-Арифи және KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина қатысты.

WPC Energy конгресі алғаш рет Орталық Азияда өтеді. Бұл әлемдік энергетика саласындағы маңызы артып келе жатқан өңір. Қазақстан үшін конгресті өткізу – халықаралық кәсіби қауымдастықты қабылдап, энергетиканың болашағына қатысты көпжылдық диалогты жалғастыруға берілген мүмкіндік.

«Біз Сауд Арабиясындағы әріптестерімізден эстафетаны мақтанышпен, әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Бірлесе отырып, WPC Energy тарихының жаңа бетін ашамыз. 2028 жылы әлемдік энергетика мәселелері жөніндегі диалог алғаш рет Орталық Азияда өрбиді. Сіздерді Еуразияның жүрегі Астанада 2028 жылғы 11-15 маусым аралығында қарсы алуға қуаныштымыз» – деді KAZENERGY қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Ахмурзина.

Абдулазиз Әл-Арифи Қазақстанға сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

2028 жылы 11–15 маусым аралығында Астанада WPC Energy XXVI конгресі өтеді. Осылайша, елордада әлемдік энергетика саласының жетекші өкілдері жиналады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы