
Делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссия аясында екі сауда объектісіне – "Сауран" орталығы мен "Артем" базарын аралау жұмысы жүргізілді.
Бақылау іс – шарасына Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының, Астана қаласының МКД, Сауда департаментінің, "Astana" ӘКК, сондай-ақ "Есіл" және "Сарыарқа"аудандары әкімдіктерінің өкілдері қатысты.
Қатысушылар кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 15% - дан аспайтын сауда үстемесінің белгіленген нормасын сақтау бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
Өңірлік комиссия апта сайынғы негізде – сейсенбі және жұма күндері өткізіледі.