29-30 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады

29-30 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады

29-30 қазан күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Ақмола облысы өз өнімдерін ұсынады

⠀

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын жабады. Осы демалыс күндері облыстың өндірушілері мен өңдеуші кәсіпорындары елорда тұрғындары мен қонақтарына 850 тоннадан астам жоғары сапалы экологиялық таза өнім ұсынбақ.

⠀

Оның ішінде: 200 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 200 тонна картоп, 100 тонна сүт және сүт өнімдері, 100 тонна көкөніс, 25 тоннадан астам ұн, 13 тонна жаңа піскен балық, 8 тоннадан астам кондитер өнімдері және нан өнімдері, шамамен 1 млн дана жұмыртқа, сондай-ақ облыста өндірілетін басқа да өнімдер.

⠀

Жәрмеңке ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өз өнімдерін делдалсыз тікелей тұтынушыларға өткізуге мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың өнімдерінің бағасы нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады.

⠀

Өтетін орны: «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң, Тұран 48 мекен-жайы.