2022 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы негізгі капиталға салынған
инвестициялар көлемі 154,6 млрд теңгені құрады, НКИ – 104,3%. Халықтың
жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
124,2 мың теңгені құрады (ҚР бойынша – 99,6 мың теңге). Көрсеткіш
0,4%-ға төмендеді.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымы: жылжымайтын мүлікпен
жасалатын операциялар – 106,2 млрд теңге (69%), өзге қызмет түрлері –
12,0 млрд теңге (8%), өнеркәсіп – 8,5 млрд теңге (6%), өзге де
қызметтерді ұсыну – 8,4 млрд теңге (4%), көлік және қоймалау – 6,6 млрд
теңге (4%), көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді
жөндеу – 2,6 млрд теңге (2%), денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік
қызмет көрсету – 1,6 млрд теңге (2%), қаржы және сақтандыру қызметі –
2,0 млрд теңге (1%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы
қызмет – 1,5 млрд теңге (1%), құрылыс – 1,4 млрд теңге (1%), ақпарат
және байланыс – 1,1 млрд теңге (1%), білім беру – 1,0 млрд теңге (0%).
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі үлесті меншікті қаражаттар құрайды
– 91,2% (141 млрд теңге).
Анықтама үшін:
9,9 млрд теңге – бюджеттік қаражаттар (6,4%),
0,4 млрд теңге – банк несиелері (0,3%),
3,2 млрд теңге – қарыз қаражаттары (2,1%).
Қаңтар-наурыз айларында сыртқы инвестициялар көлемі 9,3 млрд теңгені
құрады.
2021 жылдың қорытындысы бойынша тікелей шетелдік инвестициялар көлемі
1,0 млрд АҚШ долларын құрады.
2022 жылы жалпы сомасы 68,6 млрд теңгені құрайтын және 2,8 мың жұмыс
орнын құруды көздейтін 23 жобаны іске қосу жоспарлануда:
1. «ЛС Групп» ЖШС лифт өндірісі зауыты (инвестиция көлемі – 1,1 млрд
теңге);
2. «GLB» ҮҚК» ЖШС алдын ала кернеуленген темір-бетон бұйымдарын өндіру
үшін үй құрылысы комбинатын кеңейту (инвестиция көлемі – 1,5 млрд
теңге);
3. «SPECTRUM ПЛЮС» ЖШС құрылыс материалдарын (қадалар, газоблоктар)
өндіру зауыты (инвестиция көлемі – 1,1 млрд теңге);
4. «Bolashak Electric» ЖШС жабық жоғары вольтты вакуумдық автоматты
ажыратқыштар мен микропроцессорлық жүйелер өндірісі зауытын кеңейту
(инвестиция көлемі – 3 млрд теңге);
5. «MFA International» ЖШС медициналық маскалар (FFP2, FFP3
респираторлары) өндіру зауыты (инвестиция көлемі – 2,1 млрд теңге);
6. «Beskuduk BR» ЖШС тас өңдеу зауыты (коралл) (инвестиция көлемі – 1,5
млрд теңге);
7. «BNB holding» ЖШС үй құрылысы комбинаты зауыты (инвестиция көлемі –
1,7 млрд теңге);
8. «ASIA TECH LOGISTICS» ЖШС жиһаз цехының 1-кезек өндірісі (инвестиция
көлемі – 1 млрд теңге);
9. «КМТСС» ЖШС құрылыс бетонын өндіру зауыты (инвестиция көлемі – 0,95
млрд теңге);
10. «Тәп-Тәтті» ЖШС кондитерлік, ұн және нан-тоқаш өнімдерін өндіру
кешені (инвестиция көлемі – 1 млрд теңге);
11. «AiZet Farms» ЖШС толық циклді жоғары технологиялық ет өңдеу кешені
зауыты (инвестиция көлемі – 7 млрд теңге);
12. «ATM CONSTRUCTION & INVESTMENT» ЖШС металл өнімдерін, ПВХ
терезелерді, витраждарды, медициналық жабдықтар мен медициналық жиһаз
өндіретін 5 зауыт құрылысы (инвестиция көлемі – 21,7 млрд теңге);
13. «Spectrum» халықаралық мектебі мен балабақшасы – «Spectrum
халықаралық мектеп-балабақшасы» ЖШС (инвестиция көлемі – 2 млрд теңге);
14. Ахмет Ясауи атындағы жекеменшік мектеп – «Алем Трейдинг» ЖШС
(инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге);
15. «International Education Council» ЖШС жалпы білім беретін мектебі
(инвестиция көлемі – 0,94 млрд теңге);
16. «International School Of Nur-Sultan City» ЖШС мектебі мен
балабақшасы (инвестиция көлемі – 0,8 млрд теңге);
17. «SEMBOL PROPERTY CONSTRUCTION» ЖШС жекеменшік мектебі (Тұран даңғылы
ауданында) (инвестиция көлемі – 3 млрд теңге);
18. «Білім» білім беру қызметтері орталығы» ЖШС жекеменшік мектебі
(инвестиция көлемі – 1,2 млрд теңге);
19. «TUKA» ЖШС сауда орталығы (инвестиция көлемі – 7,6 млрд теңге);
20. «Ai group up» ЖШС балабақшасы (инвестиция көлемі – 0,7 млрд теңге);
21. «ОРПТ» АҚ электрондық-тұрмыстық техника логистикалық орталығы
(инвестиция көлемі – 6,2 млрд теңге);
22. «RnR Group» ЖШС көкөніс сақтау қоймасы (инвестиция көлемі – 0,9 млрд
теңге);
23. «Ak Bars Astana» ЖШС көпфункционалды спорт кешені (инвестиция көлемі
– 2,6 млрд теңге).
Анықтама үшін: 2021 жылы жалпы құны шамамен 32 млрд теңгені құрайтын
және 1,1 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін 12 инвестициялық жоба
іске қосылды.
Анықтама үшін:
1. «Tamos Space School» ЖШС жекеменшік мектебі (инвестиция көлемі – 3,5
млрд теңге);
2. «EURO AST KZ2019» ЖШС жекеменшік мектебі (инвестиция көлемі – 1,2
млрд теңге);
3. «Нурлы-Астана» ҚҚ мектебі (Бахрейн) (инвестиция көлемі – 3,3 млрд
теңге);
4. «Alpamys school» ЖШС жекеменшік мектебі (инвестиция көлемі – 5,7 млрд
теңге);
5. «CA GARDEN SCHOOLS» ЖШС жекеменшік мектебі (инвестиция көлемі – 4,5
млрд теңге);
6. «Quantum STEM SCHOOL» ЖШС жекеменшік мектебі (инвестиция көлемі – 5,6
млрд теңге);
7. «FalconEuroBus» ЖШС электробустар паркі (инвестиция көлемі – 4,5 млрд
теңге);
8. «FORMATA PRO» ЖШС жиһаз фабрикасы (инвестиция көлемі – 0,6 млрд
теңге);
9. «AQ-QAUYRSYN» ЖШС кеңсе тауарлары зауыты (инвестиция көлемі – 0,1
млрд теңге);
10. «Central Asia Pipes» ЖШС ППУ құбырлары зауыты (инвестиция көлемі –
1,0 млрд теңге);
11. «ВМП Астана зауыты» ЖШС лак-бояу зауыты (инвестиция көлемі сомасы
1,4 млрд теңге);
12. «АРОМАТ» ЖШС парфюмерия зауыты (инвестиция көлемі 0,4 млрд теңге).