Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және жергілікті
бағдарламалары
1. 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Кәсіпкерлікті дамытудың
2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде 4 062,7 млн теңге
сомасына 30 жоба мақұлданды, оның ішінде:
- Екінші бағыт шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бойынша
ЕКБ (екінші деңгейдегі банктер) арқылы несие желісінің сомасы 3 423,9
млн теңгеге 29 шартқа қол қойылды;
- Өндірістік инфрақұрылым шеңберінде 638,8 млн теңге сомасына 1 жоба
(электрмен жабдықтау желілерін салуға) мақұлданды;
бұдан бөлек
- несиелерді кепілдендіру бойынша кепілдіктерді төлеу сомасы 1 495,6
млн теңгеге 48 жоба бойынша шарттарға қол қойылды.
Анықтама үшін:
Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске
асыру басталғаннан бері 383 732,3 млн теңге сомасына 3636 жоба бойынша
шарттарға қол қойылды, оның ішінде:
- Жобаларды портфельдік субсидиялау бойынша – 7 513 млн теңгеге 1 144
шарт;
- Екінші бағыт шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша –
2063 жоба, несие желісі 370 542,7 млн теңге;
- Грант шеңберінде – 1 366,4 млн теңге сомасына 387 жоба мақұлданды;
- Өндірістік инфрақұрылым шеңберінде – 4 310,2 млн теңге сомасына
42 жоба (электрмен жабдықтау, жол жөндеу, кәріз, сумен жабдықтау, бу
трассасын көшіру және т.б.).
Бұдан бөлек:
- Несиелерді кепілдендіру бойынша кепілдіктерді төлеу сомасы 27 292,2
млн теңгеге 2143 жоба бойынша шарттарға қол қойылды.
2. 2021 жылдың басынан бері «Қарапайым заттар экономикасы» басым
жобаларды несиелеу механизмі шеңберінде 45,2 млрд теңгеге 17 жаңа жобаға
қолдау көрсетілді және 2 жоба 1,1 млрд теңге мөлшерінде екінші траншты
алды. 2019 жылдан бастап бағдарламаны іске асыру уақытында Нұр-Сұлтан
қаласы бойынша 80,1 млрд теңге сомасына 51 жоба жеңілдікпен
қаржыландырумен қамтылды.
3. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
басталған сәттен бері Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шағын кәсіпкерлік
субъектілерін шағын несиелеуге жалпы алғанда 4 644,1 млн теңге,
кепілдендіруге 189,5 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске
асыру аяқталды.
Осы бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 5 068,5 млн теңгеге барлығы 365
жобаға қолдау көрсетілді, кепілдендіру бойынша жалпы кепілдік сомасы
847,3 млн теңгеге 120 шартқа қол қойылды.
оның ішінде:
2017 жылы – 267,4 млн теңге сомасына 20 жоба, оның 9 жобасын ісін жаңа
бастаған кәсіпкерлер жүзеге асыруда, 65,1 млн теңге сомасына 9 шарт
кепілдендірілді;
2018 жылы – 606,0 млн теңге сомасына 45 жоба, оның 35 жобасын ісін жаңа
бастаған кәсіпкерлер жүзеге асыруда, 160 млн теңге сомасына 25 шарт
кепілдендірілді;
2019 жылы – 1 398,0 млн теңге сомасына 93 жоба, оның 44 жобасын ісін
жаңа бастаған кәсіпкерлер жүзеге асыруда, 437,3 млн теңге сомасына 59
шарт кепілдендірілді;
2020 жылы – 1 581 млн теңге сомасына 115 жоба (98 – АШҚҚҚ (Ауыл
шаруашылығын қаржылай қолдау қоры), 17 - Даму), кепілдік сомасы 184,9
млн теңгеге 27 шарт кепілдендірілді;
2021 жылы – «АШҚҚҚ» АҚ арқылы 1 216,1 млн теңге сомасына 92 жоба.
4. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 –
2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру басталған
сәттен бері қалада 1 277 млн теңге субсидия сомасына 60 жоба бойынша 24
кәсіпорын субсидияланды:
- АӨК субъектілерінің шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша – 897,1 млн
теңге сомасына 9 жоба (2017 жыл – 243,5 млн тг-ге 5 жоба, 2018 жыл –
60,3 млн тг-ге 1 жоба, 2019 жыл – 593,3 млн тг-ге 3 жоба, 2020 жыл – 0
жоба, 2021 жыл – өтінімдер түскен жоқ);
- Несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау
бойынша – 379,9 млн теңгеге 51 жоба (2017 жыл – 346,8 млн тг-ге 12 жоба,
2018 жыл – 7,3 млн тг-ге 10 жоба, 2019 жыл – 10,4 млн тг-ге 8 жоба, 2020
жыл – 8,9 млн тг-ге 12 жоба, 2021 жыл – 6,5 млн тг-ге 9 жоба).