2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 195,4 мың шағын және орта бизнес
(ШОБ) субъектісі тіркелді,
бұл өткен жылдың тиісті күнімен салыстырғанда
10,2 %-ға өскенін көрсетеді, оның ішінде заңды тұлғалар – 79 316, жеке
кәсіпкерлер – 115 521, шаруа қожалықтары – 644.
2022 жылғы 1 сәуірдегі жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
168 011 бірлікті құрады және өткен жылдың тиісті күнімен салыстырғанда
12,7%-ға артты, оның ішінде заңды тұлғалар – 59 633, жеке кәсіпкерлер –
107 802, шаруа қожалықтары – 576.
Қаладағы ірі кәсіпорындардың саны 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша
348 бірлікті құрайды.
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ШОБ саласында жұмыспен
қамтылғандар саны 415,5 мың адамды құрады және 2020 жылмен салыстырғанда
4,3%-ға өсті (2020 жылдың 12 айында - 379,9 мың адам).
ШОБ субъектілерінің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) шығаруы 2021
жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 8 853,4 млрд. теңгені, НКИ (нақты
көлем индексі) – 123,9%-ды құрады, (2020 жылдың 12 айында – 6 706,3
млрд. теңге).
2021 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ЖӨӨ-дегі (жалпы өңірлік өнімдегі)
ШОБ-тың ЖҚҚ (жалпы қосылған құны) 5 635 558,3 млн. теңгені құрады,
ЖӨӨ-дегі үлесі – 66,9% (2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында - 4 470 585
млн.тг, ЖӨӨ-дегі үлесі - 57,2%).
Анықтама үшін:
2019 жылғы ЖӨӨ-дегі ШОБ-тың ЖҚҚ 4 317,9 млрд. теңгені құрады, ЖӨӨ-дегі
үлесі - 55,1%.
2020 жылғы ЖӨӨ-дегі ШОБ-тың ЖҚҚ 4 529 437,8 млн. теңгені құрады,
ЖӨӨ-дегі үлесі – 56,8%.