2021 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 415,9 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,7% - ға артық.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың республикалық көлемінде Нұр-сұлтан қаласының көлем үлесі 7,9% – ды құрады (Атырау облысынан кейінгі үшінші орын – 25,6% және Алматы қаласынан кейінгі үшінші орын-8,8%).
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымында 80% (332,8 млрд.теңге) кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражатын алады, басқа қарыз қаражаттарына 9,8% (40,7 млрд. теңге), бюджет қаражаттарына – 9,7% (39,4 млрд. теңге), банктердің кредиттері 0,7% (2,8 млрд. теңге) құрайды.
Сыртқы инвестициялар 15,4 млрд.теңгені құрады (үлесі – 3,7%).
Пайдалану бағыттары бойынша ең көп үлес жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға (63,5%), көлік пен қоймаға (12,3%), өнеркәсіпке (6,1%) тиесілі.