2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта "Ашық есік күнін" сағат 10:00 және 12:00-де өткізеді.
Іс-шараның тақырыбы: "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары".
Ақпаратты неліктен тек ресми көздерден немесе тікелей Қордан алу маңызды? Қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болады? Ақылы кеңес беру қызметін ұсынатын үшінші тараптардан қандай қауіптер туындауы мүмкін? – БЖЗҚ қызметкерлері осы және басқа да сұрақтарға жауап береді, зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған қауіпсіздік шаралары, Қордан берілетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі, оларды ресімдеу шарттары мен тәсілдері, enpf.kz сайтындағы төлемдерді ресімдеу тәртібі туралы ақпаратты қалай табуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
Сағат: 10:00
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc2574230bbbf6b4a837108658603f78e
Еvent-кеңестің нөмірін: 2517 895 7921
Еvent-кеңестің паролін: 123456
Сағат: 12:00
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mcff8b5e9ef73a2f830f217e896ec4c8d
Еvent-кеңестің нөмірі: 2511 879 5304
Еvent-кеңестің паролі: 123456
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын (алушыларын), БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!