«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1) 2023 жылғы 30 маусымдағы № 50/5-VIII «Астана қаласының аумағында бөлшек салықтың мөлшерін төмендету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1345-01 болып тіркелген);
2) 2024 жылғы 6 мамырдағы № 178/21-VIII «Астана қаласының аумағында бөлшек салықтың мөлшерін төмендету туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 50/5-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1379-01 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Астана қаласы
мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден