Бүгінгі күні 2024 жылғы 17 қыркүйектегі №754 ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде бірнеше қолдау бағдарламалары іске асырылуда:
Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес экономикалық қызметтің басым түрлері шеңберінде банктердің/даму банкінің/лизингтік компаниялардың несиелері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.
Кәсіпкерлер үшін сыйақының пайыздық мөлшерлемесі 12,3%-дан аспайды, ал әлеуметтік кәсіпкерлер үшін – 11,3%-дан аспайды.
Инвестициялық мақсаттарға берілетін максималды сома – 200 млн теңгеге дейін.
Несиелеу мерзімі:
– инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға (бұдан әрі – АҚҚ) – 3 жылға дейін;
– қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыруға – 1 жылға дейін.
Кәсіпкерлерге берілген банктердің/даму банкінің несиелері бойынша екі кепілдік қоры аясында ішінара кепілдік беру тетігі іске асырылуда.
Бірінші кепілдік қоры бойынша максималды кепілдік мөлшері – 85%, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды, кепілдік беру мерзімі – несие мерзімімен қоса 5 қосымша айды қамтиды.
Сонымен қатар, «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы қолданыста.
Кәсіпкерлер үшін сыйақының жылдық мөлшерлемесі 12,6%-дан аспайды.
Бір кәсіпкерге берілетін несиенің ең жоғары сомасы – 7 млрд теңгеге дейін.
Несиелеу мерзімі:
– инвестициялық мақсаттар үшін – 10 жылға дейін,
– айналым қаражатын толықтыру (АҚҚ) үшін – 3 жылға дейін.
Жоғарыда аталған кәсіпкерлерді қолдау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қаржылық агент – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы болып табылады.
Осыған байланысты толығырақ кеңес алу үшін «Даму» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына мына мекенжай бойынша жүгінуіңізге болады: Мәңгілік ел көшесі, 55а, немесе 1408 call-орталығына (қоңырау шалу тегін) хабарласыңыз. «Даму» қорының ресми сайты: https://damu.kz/ru/