Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын анықтау туралы

Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін

айқындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы
1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
    мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. «Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
    мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы
    2 желтоқсандағы № 111-22 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 872 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
  3. «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Астана қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
    он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Әкім

 

Ж. Қасымбек

 

приложение
Дата публикации
22 августа 2024