Қазіргі уақытта ҚРҮ-нің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 754 қаулысымен
бекітілген Қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде көрсетілетін
бірқатар бағдарламалар қолданыста:
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік гранттар
(бұдан әрі – Грант) Қағидаларға сәйкес Әлеуметтік кәсіпкерлік
субъектілерінің (бұдан әрі – ӘКС) тізілімінде тіркелген ӘКС-ке және «Бір
ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистеріне беріледі.
Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер, егер қолданыстағы
грант беру туралы шарттары болмаса, бір бизнес-жоба бойынша мемлекеттік
гранттар беру мақсатындағы конкурстық іріктеуге қатыса алады.
Мемлекеттік грантты іске асыруға арналған бизнес-жобаның міндетті
шарттары:
- кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін
мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде ақшалай
қаражатпен, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы немесе
жылжымайтын жеке мүлкімен қоса қаржыландыруы;
- жаңа жұмыс орындарын құру;
- кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе)
жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген
инвестициялық жоспардың болуы.
Кәсіпкерлер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік
грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады:
1) Тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі
құралдарды, шикізат пен материалдарды сатып алу;
2) Материалдық емес активтерді сатып алу;
3) Технологияларды сатып алу;
4) Кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтар сатып алу;
5) Зерттеу жұмыстарымен және/немесе жаңа технологияларды енгізумен
байланысты шығыстар.
Мемлекеттік грант қаражатын басқа мақсаттарға пайдалануға жол
берілмейді.
Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа
қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс. Әлеуметтік
кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік грант қаражаты келесі
жағдайларда пайдаланыла алмайды:
1) Жылжымайтын мүлікті және/немесе жер учаскесін сатып алуға;
2)Жалға алу ақысы ретінде;
3) Үлестес/байланысты компаниялардан/тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкердің
жақын туыстарынан негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді
алуға/жұмыстарды орындауға);
4) Пайдаланылған (бұрын қолданыста болған) негізгі құралдарды
(жабдықтарды) сатып алуға;
Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен
(шарт/келісімшарт/жабдықтың паспорты/сапа сертификаты) расталуы тиіс;
5) Жеңіл автокөлік сатып алуға (жүк тасымалдауға арналған
автокөліктерді, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері
мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға беру және прокаттаумен байланысты
жобаларды қоспағанда);
6) Ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ мүйізді малды, құстарды,
араларды, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға
(өңдеу өнеркәсібіне жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды
қоспағанда).
Кәсіпкердің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік
грант қаражатын игеруі (жеке тұлғадан автокөлік сатып алу жағдайларын
қоспағанда) кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің
шотына қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.
Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік гранттың сомасы 5 (бес) млн теңгеге
дейінді құрайды.
Гранттар келесі кәсіпкерлерге беріле алмайды:
1) Қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ
қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
тоқтатыла тұрған кәсіпкерлерге;
2) Мемлекеттік бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер
бойынша берешегі барларға;
3) Негізгі қызмет түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып
табылатындарға;
4) Қоса қаржыландыруды растамағандарға;
5) Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізілімінде
тұрғандарға;
6) Кредиттік тарихына сәйкес конкурс қатысушысының қаржылық
міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі барларға;
7) Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде (соның ішінде
бизнесті қолдау мен дамытудың бұрын қолданыста болған мемлекеттік
бағдарламаларының қолданылу кезеңінде) мемлекеттік гранттар беру бойынша
қолдау алғандарға;
8) Конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін, басқа өңірде тіркелген
және бизнес-жобаны сонда іске асыруды жоспарлап отырғандарға.
Өтінімдер мен құжаттар тек онлайн режимде, бизнестің цифрлық
«Kezekte.kz» платформасы арқылы қабылданады.
Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне арналған мемлекеттік гранттарды
алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге құжаттардың келесі сканерленген
көшірмелерін PDF форматында қоса береді:
1) Өтінім берілген сәттегі жалдамалы қызметкерлердің орташа саны
туралы, басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (бар болса)
куәландырылған анықтама;
2) Қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражаттың,
жылжымалы/жылжымайтын мүліктің) барын растайтын құжаттар: кәсіпкердің
ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың бар екендігі туралы банк шотынан
үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе
жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;
3) Кәсіпкердің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе «Бір ауыл – бір
өнім» бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта
кәсіпкерлік субъектісі мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.
Конкурс жыл сайынғы негізде өткізіледі, хабарландыру бұқаралық ақпарат
құралдарында (БАҚ), Басқарма мен әкімдіктің сайттарында, сондай-ақ
әлеуметтік желілерде жарияланады.
Толығырақ ақпарат алу үшін Басқармаға мына телефондар арқылы:
55-69-21, 55-69-03, 55-69-16 немесе мына мекенжай бойынша хабарласа
аласыз: Бейбітшілік көшесі 11, 113-кабинет.