Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілу үшін келесі төрт санаттың біріне сәйкес келу қажет:
1-санат – халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін жұмыспен қамту:
мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды (немесе оларды алмастыратын адамдарды), зейнеткерлерді, балалар үйлерінің түлектерін, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың мүшелерін, бұрын сотталған адамдарды, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, оңалтудан өткен адамдарды және қандастарды.
2-санат – бірінші санатқа жататын адамдар өндірген тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету.
3-санат – бірінші санатқа жататын адамдарға әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, білім беру және оңалту қызметтерін көрсету, сондай-ақ арнайы құралдарды өндіру және қолжетімді орта қалыптастыру.
4-санат – білім беру, отбасы мен балаларды қолдау, әлеуметтік көмек көрсету, мәдениет, экология, салауатты өмір салтын насихаттау және егде жастағы азаматтарға көмек көрсету салаларындағы қызмет.