Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөнінде комиссия туралы ереже

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының

шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөнінде комиссия

туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) туралы ереже Комиссияның қызметін және қалыптастыру тәртібін айқындайды.
  2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекітуін қамтамасыз ететін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
  3. Комиссия өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы, «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 11245 тіркелді) сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Комиссияны қалыптастыру тәртібі

 

  1. Комиссияның құрамы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты мен сауда қызметі субъектілерінің өкілдерінен қалыптастырылады. Сауда қызметі субъектілерінің өкілдері Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде 40% құрайды.

Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы Комиссия отырысына қаралатын мәселенің сипатына байланысты сауда қызметі субъектілерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

  1. Комиссия құрамы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің (бұдан әрі – әкім) өкімімен бекітіледі.
  2. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
  3. Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және комиссияның ұсынымдар қабылдау кезіндегі дауыс беру құқығына ие емес.
  4. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ және 7 (жеті) адамнан кем болмауы тиіс.

 

  1. Комиссия қызметінің тәртібі

 

  1. Комиссия ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде бес жұмыс күн әкіміне ұсыным енгізеді.

Комиссияның ұсынымы негізінде әкім үш жұмыс күн ішінде азық-түлік тауарларының атауларын, осындай тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерлерін және оларға енгізілетін шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мерзімдерін көрсете отырып, елорда аумағында сатылатын ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту бойынша шешім қабылдайды.

  1. Комиссияның жұмыс органы шешім қабылданғанан кейін бір күндік мерзімде уәкілетті органды және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында елордада ӘМАТ бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілгендігі туралы ақпарат таратады.
  2. Комиссияның ұсынымы хаттама түрінде жасалады және оған Комиссия мүшелері отырыс өткізілген күні қол қойып, әкімге шешім қабылдау үшін енгізеді.
  3. Комиссия мүшелері:

1) Комиссия отырысына енгізілетін материалдарды сұратуға;

2) Комиссия отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуға;

3). ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды құқылы.

  1. Комиссияның жұмыс органы – «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуі Қомиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
  3. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысына басшылықты жүзеге асырады, Комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.

Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары орындайды.

 

  1. Комиссия қызметін тоқтату

 

  1. Комиссияның қызметін тоқтату үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімнің қаулысы негіздеме болып табылады.

________________________

положение
Дата публикации
23 октября 2020