Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету комиссия туралы ереже

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру

тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету комиссия туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету комиссия (бұдан әрі – Комиссия) туралы ереже Комиссияның қызметін және қалыптастыру тәртібін айқындайды.
  2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету уақтылы және сапалы қалыптастыру мен пайдалануды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанынан құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
  3. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
    2019 жылғы 29 шілдедегі № 280 бұйрығына «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы», сондай-ақ Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Комиссияны қалыптастыру тәртібі

 

  1. Комиссияның құрамы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерінен, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен қалыптастырылады. Комиссия мүшелерінің үштен екісі жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болып табылады.
  2. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, хатшыдан және Комиссия мүшелерінен тұрады.
  3. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
  4. Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ және 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.

 

  1. Комиссия қызметінің тәртібі

 

  1. Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туарлы шешім қабылданады;

2) азық-түлік тауарлырының тұрақтандыру қорына сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін айқындайды;

3) қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін айқындайды;

4) мамандандырылған ұйымның әлеуметтің маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарын қарайды;

  1. Комиссия Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне (бұдан әрі – әкім) сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және олар бойынша шекті сауда үстемесін бекіту туралы ұсынымдар енгізеді.
  2. Әкім Комиссияның ұсынымдары негізінде сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін және шекті сауда үстемесін бекітеді.
  3. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін Комиссия белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкес айқындайды.
  4. Комиссия мүшелері:

1) Комиссия отырысына енгізілетін материалдарды сұратуға;

2) Комиссия отырысына енгізілетін материалдарды талқылауға қатысуға;

3). ауыл шаруашылығы саласындағы тиісті мамандарды не тәуелсіз сарапшыларды тартуды құқылы.

  1. Комиссияның жұмыс органы – «Нұр-Сұлтан қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
  2. Комиссияның жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуі Қомиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
  3. Комиссия төрағасы Комиссияның жұмысына басшылықты жүзеге асырады, Комиссия отырысының күн тәртібін бекітеді, қажет болған жағдайда оның отырысын шақырады.

Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның функцияларын орынбасары орындайды.

 

  1. Комиссия қызметін тоқтату

 

  1. Комиссияның қызметін тоқтату үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қаулысы негіздеме болып табылады.

 

________________________

 

распоряжение
Дата публикации
13 октября 2020