GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Басқарма туралы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
22 августа 2026
Энергия өндіруші ұйымдардың отын сатып алуға өтінімдерін қабылдау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 309 бұйрығымен бекітілген Жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдарды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес, «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ 2026 жылғы 24 тамыздан 7 қыркүйекке дейін 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымын үздіксіз өткізу үшін отын сатып алуға энергия өндіруші ұйымдардың өтінімдерін қабылдайтынын хабарлайды.

12 августа 2026
Астанада жылу желілерін жоспарлы гидравликалық сынақтан өткізу жүріп жатыр

Елордада жылу желілерін 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына кезең-кезеңімен дайындау жұмыстары жалғасуда.

12 тамызда «Астана-Теплотранзит» АҚ бекітілген кестеге сәйкес гидравликалық сынақтардың кезекті кезеңін өткізді. Сынақтар Ұлы Дала даңғылы, Шыңғыс Айтматов көшесі, Тұран даңғылы және Хусейн бен Талал көшесі шекарасындағы ТМ-47, ТМ-52, ТМ-55 және ТМ-56 жылу магистральдарында жүргізілді.

Сынақтар сәтті өтіп, ескертулер анықталған жоқ.

Бүгінгі таңда «Алматы», «Сарайшық» және «Байқоңыр» аудандарындағы сыртқы жылу желілерінің гидравликалық сынақтары, инвестициялық бағдарламаға енгізілген жекелеген нысандарды қоспағанда, толық аяқталды. Аталған учаскелерде алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығын тексеруге, ықтимал осал учаскелерді дер кезінде анықтауға және жылыту маусымы басталғанға дейін ықтимал зақымдарды жоюға мүмкіндік береді.

Сынақтар кезең-кезеңімен жүргізіледі. Келесі кезеңдер 2026 жылғы 19 және 26 тамызға жоспарланған.

«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу желілерінің сенімділігі мен қауіпсіз пайдаланылуына ерекше назар аудара отырып, елорданың жылу желілерін жылыту маусымына кешенді дайындау жұмыстарын жалғастыруда.

22 июня 2026
Объектіде Арнайы ХҚКО-ның 2-тарату пункті (РП) ауданында блокты-модульдік ғимаратты (БМҒ) орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жобасын іске асыру аясында орындалуда.

Объектіде Арнайы ХҚКО-ның 2-тарату пункті (РП) ауданында блокты-модульдік ғимаратты (БМҒ) орнату жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар энергетикалық инфрақұрылымды дамыту жобасын іске асыру аясында орындалуда.

28 мая 2026
Жұмыстар барысы туралы жедел ақпарат
Нысан: «Астана қаласы Тельман тұрғын алабы ауданындағы инженерлік инфрақұрылымы бар газ қазандығын салу»
Күні: 26.05.2026 ж.
 
Аяқталу мерзімі:
2026 жылғы желтоқсан (жұмыс өндірісінің кестесіне сәйкес).
Бас мердігер: «Казстройподряд» ЖШС
Техникалық қадағалау: «Құрылыс салынатын кәсіпорындар дирекциясы «Стройинтеграция» ЖШС
 
Ағымдағы мәртебе:
1.Екінші контурдың құбыржолдарын монтаждау.
2.Апаттық жүйенің жарықтандыруын қосу.
3.Ішкі газ құбырларын монтаждау.
4.АБК-дағы сантехникалық құбыржолдарды монтаждау.
5.Ауа өткізгіштерді монтаждау.
6.АБК-да қалқаларды орнату.
7.АБК-дағы электрмонтаж жұмыстары.
8.ТП және ГРПб іргетастарына арналған топырақ қазу жұмыстары.
 
•Нысанның жалпы дайындығы: 75%
 
Нысандағы ресурстар:
•Жұмылдырылған техника: 10 бірлік:
 
1.Тиегіш – 1 бірлік.
2.Автосебет – 3 бірлік.
3.Манипулятор – 1 бірлік.
4.Экскаватор – 2 бірлік.
5.16 т каток – 2 бірлік.
6.25 т автокран – 1 бірлік.
 
•Жұмысшы персонал: 92 адам, оның ішінде 4 ИТР маманы.
 
Кестеден кешігу: жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері бөлімі бойынша.
26 мая 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 маусым мен 13 шілде аралығында «Астана қалалық энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

12 марта 2026
"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының жобаларын орналастыру туралы баспасөз релизі

001_Услуги_по_реализации_гос_политики_на_местном: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205482?editable=false

003_Капитальные_расходы_гос_управления: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205501?editable=false

012_Развитие_теплоэнергетической_системы: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205300?editable=false

012Развитие_теплоэнергетической_системы_2: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205432?editable=false

029_Развитие_газотранспортной_системы: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205327?editable=false

050_Субсидирование_затрат_энергопроизводящих: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205345?editable=false

065_«Формирование_или_увеличение_уставного_капитала_юридических:https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205405?editable=false

052_«Развитие_индустриальной_инфраструктуры: https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4205379?editable=false

24 февраля 2026
Олжас Бектенов Астананың энергетикалық инфрақұрылымын тексерді

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы бойынша жұмыс сапары барысында ЖЭО-3-ке барып, Президенттің Үкіметтің кеңейтілген отырысында алға қойған жаңа қуат көздерін жаңғырту және іске қосу жөніндегі міндеттері шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымның дамуын тексерді.

▫️ Премьер-министр табиғи газбен жұмыс істейтін ЖЭО-3-тің негізгі жабдықтарын қарап шықты. Оған биыл жобаның 1-ші кезегін толық аяқтап, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Бүгінгі таңда жылу электр орталығы қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жабады және өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, артық қор қамтамасыз етеді. ЖЭО-3 сағатына 440 Гкал жылу өндіреді, ол Ш. Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және тағы да басқа перспективалы құрылыс аудандарына беріледі.

▫️ Биыл нысанда көмірді резервтік жағдайға балама отын ретінде пайдалану мүмкіндігі бойынша жұмыстар аяқталады. Атап айтқанда, жанармай беру трактісін қайта себу тораптарымен және ұсақтау корпусымен біріктіру, теміржол стансасын инженерлік инфрақұрылыммен қосу жоспарлануда. Көктемде сыртқы және ішкі автомобиль жолдарын салу, аумақты абаттандыру және тағы да басқа жұмыстар жалғасады. Жобаның 2-ші кезегі шеңберінде жеке инвестицияларды тарту есебінен қуаты сағатына 500 МВт болатын бу-газ қондырғысын салу көзделген, бұл Астананы сенімді электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

💬 Елордада жылыту маусымын өткізудің штаттық режимі туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады. Қаланы сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін үш жылу электр орталығы және екі газ жылу стансасы — «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» жұмыс істейді. Қаланың қарқынды құрылысына байланысты туындайтын перспективалық қажеттіліктерді ескере отырып, тағы бір «Тельман» газ жылу стансасының құрылысы жүргізілуде, оны пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған.

💬 Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, Қазақстанда ағымдағы жылыту маусымы тұрақты өтуде. Жүргізілген ауқымды жөндеу жұмыстары 17 273 МВт генерацияға қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл алдыңғы жылыту маусымының деңгейінен 7%-ға жоғары. 9 жылу орталығы апат қаупі жоғары «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа, 3 жылу орталығы «сарыдан» «жасыл» аймаққа ауыстырылды.

📊 Электр стансаларында 10 энергия блогы, 63 қазандық және 39 турбина жөнделді. 17 мың шақырым электр желілері мен 420 қосалқы стансаларды реконструкциялау аяқталды, 323 шақырым жылу желілері және тағы басқалары ауыстырылды, 3 жыл ішінде энергетика секторына 1 трлн теңгеден астам қаржы салынды. Электр қуатының тапшылығы 29%-ға төмендеді.

▫️ Биыл 2,6 ГВт жаңа қуат көздерін іске қосу жоспарлануда, жалпы алғанда, 2029 жылға қарай электр энергиясын өндіру 39 млрд киловатт-сағатқа ұлғаятын болады. Осы шаралардың барлығы елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

✔️ Премьер-министр Олжас Бектенов салалық министрліктер мен әкімдікке ЖЭО-3 жобасын аяқтау бойынша жұмыстарды жеделдетуді және елімізде жылыту маусымының тұрақты өтуін толық бақылауда ұстауды тапсырды.

▫️ Нысанды аралау барысында ЖЭО-3-тің еңбек ұжымы жаңа конституция жобасын қолдап сөз сөйледі.

💬Электр энергетика саласында жұмыс істейтін және басқарушылық білімі бар адам ретінде мен ешбір күрделі жүйе нақты ережелерсіз, тәртіпсіз және бөлінген жауапкершіліксіз жұмыс істей алмайтынын жақсы түсінемін. Энергетикада бұл қуат пен жүктеменің тепе-теңдігі, мемлекетте – өкілеттіктер мен институттардың тепе-теңдігі. Конституция осы жүйенің архитектурасын белгілейді. Ұсынылған өзгерістер мемлекеттің одан әрі дамуы үшін берік құқықтық негіз қалыптастырады. Мен Конституцияның жаңа редакциясын елдің тұрақты және әділ дамуының негізі ретінде қолдаймын💬, — деді «Астана-Энергия» АҚ ЖЭО-3 бас инженері Назымбек Қасенов.

23 февраля 2026
Астана қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы. 1-кезек.

Нысанда 190 адам, 11 бірлік техника жұмыс істеуде.

Қазіргі уақытта келесі жұмыстар атқарылуда:
* Су қыздыру қазандығы ғимаратында +23.000 белгісінде сәулет-құрылыс жұмыстары
* ЖЭО-3 аумағында өрт дабылы жүйесін іске қосу-баптау жұмыстары, ӨД сигналдарын реттеу
* Негізгі отын беру трактысында технологиялық жабдықтарды, электр жабдықтарын, аспирация және жарықтандыру жүйелерін монтаждау
* Вагон аударғышта өрт сөндіру баспалдақтарын дайындау және монтаждау, 304-310 тіректер аралығындағы вагон аударғыш аймағында кабельдік құрылымдарды монтаждау
* ЖЭО-3 аумағының ішкі металл торлы қоршауын монтаждау
* ӘБК және Асхана ғимараттарының жертөлелерінде гидрооқшаулау жұмыстары

23 февраля 2026
Жұмыстар барысы туралы жедел ақпарат Нысан: «Астана қаласы Тельман тұрғын алабы ауданындағы инженерлік инфрақұрылымы бар газ қазандығы. Жеткізуші инженерлік желілер» Күні: 20.02.2026 ж. Аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 20 маусым. Бас мердігер: «ВД Строй-инжиниринг» ЖШС Техникалық қадағалау: «Құрылысы жүріп жатқан кәсіпорындар дирекциясы «Стройинтеграция» ЖШС

Ағымдағы мәртебе:

1. КК29-дан КК28-ге дейін траншеяны әзірлеу

2. КК33-тен КК32-ге дейін т/б лотоктарды монтаждау

3. КК31-ден КК29 бағытына қарай қабаттап тығыздай отырып, қиыршықтас негізін орнату

4. КК60 КК59 саркофагының қалыптарын демонтаждау

— Нысанның жалпы дайындығы: %

Нысандағы ресурстар: — Жұмылдырылған техника: *5 бірлік:

1. Тиегіш — 1 бірлік

2. Каток — 1 бірлік

3. Экскаватор — 3 бірлік

— Жұмысшы персонал: 11 адам, оның ішінде 3 ИТР маманы

Кестеден артта қалу: ГПР-ға сәйкес

22 января 2026
Реконструкция РП Северная в рамках проекта Аллея Мынжылдык
1.ПС 110/20 кВ «Аэрапорт-2» қосалқы станциясынан 20/0,4 кВ РП Т. Рысқұлов көшесі бойымен Мәңгілік Ел даңғылынан Қ. Қайсенов көшесіне дейінгі учаскеде салынды, сондай-ақ ПС 110/10 кВ «Промзона» қосалқы станциясынан қоректенетін 10 кВ «Северная» РП Алаш тас жолы мен 69-шы өткелге жақын Өнеркәсіптік тұйық ауданында қайта жаңғыртылды.
Аталған нысандар қолданыстағы және перспективалы құрылыс нысандарын сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
2.«Батығай» ауданында Күлтегін көшесі бойында, Сығанақ және Қ. Мұхамедханов көшелеріне жақын орналасқан 2 дана 20/0,4 кВ РП салынды.
Аталған нысандар қолданыстағы және перспективалы құрылыс нысандарын сенімді әрі үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы