Меню

Страницы

Статья

Қор жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясына кепілдік береді. 

Қор жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясына кепілдік береді. 

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 57-бабының 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

 

Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға және салымшының (алушының) жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

 

Аталған Заңның 57-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ЖЗШ-дағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар салымшының (алушының) өкілдеріне нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі негізінде берілуі мүмкін.

 

Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда оның зейнетақы шоты бойынша ақпарат мұрагерлерге жазбаша сұрау салу бойынша не соттарға, не нотариустарға және олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша шетелдік консулдық мекемелерге беріледі.

 

 

Дата публикации
18 июня 2021
Дата обновления
18 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
02 декабря 2021
Перспективті жоспарлау және дамыту бағдарламалары бөлімі
21 июня 2021
«Ашық есік күні» - болашаққа деген қамқорлықпен

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы