Астана қаласында МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ «Астана қаласының электр желілерін салу, реконструкциялау және пайдалану – «Өндіріс» тұрғын алабы» МЖӘ жобасы бойынша жеке әріптесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс жариялайтынын хабарлайды.
Жоба атауы: «Астана қаласының электр желілерін салу, реконструкциялау және пайдалану – «Өндіріс» тұрғын алабы».
Жобаны іске асыру саласы: электр энергетикасы.
МЖӘ жобасының мақсаты: Астана қаласының электр желілерін салу, реконструкциялау және пайдалану, Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы «Өндіріс» тұрғын алабын үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ету.
Жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:
МЖӘ жобаның міндеттері:
МЖӘ объектілерінің жобалық қуаты:
МЖӘ объектісіне ЖЭО-3 110 кВ сыртқы тарату құрылғысынан «Өндіріс» ҚС дейін 110 кВ электр беру желісі бар жабық 110/10 кВ «Өндіріс» ҚС-сын жобалау, реконструкциялау және пайдалану, «Өндіріс» тұрғын алабын электрмен жабдықтау кіреді.
Жобаны жүзеге асыру мақсатында мемлекеттен қаржы, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған.
Жобаны жүзеге асыру орны: Астана қаласы.
МЖӘ жобасын іске асыру мерзімі: жобаны іске асыру мерзімі МЖӘ заңнамасына сәйкес 5 жылдан 30 жылға дейін айқындалады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеке әріптестер 2025 жылдың 14 қаңтарына дейін техникалық тапсырмаға сәйкес техникалық ұсынысты, сондай-ақ «МЖӘ туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы негізінде біліктілік іріктеу жүргізілетін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ.
Байланыс деректері: Электрмен жабдықтау және жобалау бөлімінің басшысы Исеналиев А.Е. тел. 55-69-37, e-mail: a.isenaliev@astana.kz.
Қажетті ақпаратты Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін және 14.30-18.00-ге дейін алуға болады.
Техникалық тапсырма осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап сұраныс бойынша беріледі.