«Астана қаласының энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 27 ақпандағы №1 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Астана қаласының энергетика

басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған

бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы»

2024 жылғы 27 ақпандағы №1

бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 32-бабына, «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығына және «Астана қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы» Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы 14 желтоқсандағы № 113/15-VIII шешімін іске асыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2023 жылғы
27 желтоқсандағы № 114-2814 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 114-1355 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Астана қаласының энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы 2024 жылғы 27 ақпандағы №1 бұйрыққа мынадай өзгеріс енгізілсін:

4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Енгізілген өзгерісті бекіту.
  2. Қадағалаушы басшы және басшының орынбасарлары бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты.
  3. Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі бюджеттік бағдарламаларды 3 жұмыс күн ішінде Басқарманың веб-сайтына, сонымен қатар «Электрондық Үкімет» веб-порталына орналастыруыды қамтамасыз етсін.
  4. Бюджеттік бағдарламалардың Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестігінің дайындауын жауапкершілігі заң бөліміне жүктеймін.
  5. Нақты бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  6. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Басшысы                                                                                                  Н. Көпешов

 

Дата публикации
07 августа 2024