Астана қаласы әкімдігінің кейбір
қаулыларының күші
жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 995 болып тіркелген);
2) «Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 367-70 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1157 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Әкім Ж. Қасымбек
Әкімнің бірінші орынбасары Н. Нұркенов
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Байкен
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Е. Бекмырзаев
Астана қаласы
әкімінің орынбасары Н. Солтамбеков
«Астана қаласы
әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Д. Ешкеев
«Астана қаласының
Қаржы басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Ә. Жұмаев
«Астана қаласының
Экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Қ. Маңқараев
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі басшысының
орынбасары Ж. Шаукентаев
«Астана қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Т. Мусин
«Астана қаласының
Отын-энергетикалық кешені
және коммуналдық шаруашылық
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің басшысы М. Ұзақов