«Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін Астана қаласы бойынша электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
тақырыбында, кіріспеде, 1,2,3,4-бөлімде және 1-тармақта және қосымшада «Астана», «Астана» деген сөздер «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-бөлім жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«4. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша газбен жабдықтау бойынша коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 қазанда № 17472 болып тіркелді) бекітілген Тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын есептеу және бекіту қағидаларына сәйкес есепке алу аспаптары болмаған кезде сұйытылған мұнай газын (бұдан әрі – СМГ) тұтыну нормасының Нұр-Сұлтан қаласы үшін мынадай есебі бекітіледі:
тұрғын үй-жайларда газ плиталары болған және орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау болған кезде СМГ тұтыну нормалары жылу шығынының Q жылдық нормалары негізінде есептеледі;
бір адам үшін СМГ тұтынудың орташа айлық нормасын есептеу – H, кг/адам*ай мынадай формула бойынша жүргізіледі:
H=Q/Qнв*12
онда:
Q – біреуі үшін жылу шығынының жылдық нормасы
МДж/адам*жыл=3850 МДж/адам*жыл
Qнв – СМГ жанудың төменгі массалық жылуы, МДж/кг
12 – жылдағы айлардың саны
Жанудың төменгі массалық жылуын есептеу – Qнв
Нормативтер бойынша келіп түсетін газдың суық-қысқы уақыт кезеңінде (1 қазаннан 1 мамырға дейін) құрамы 80% пропан және 20% бутан, жазғы-жылы уақыт кезеңінде (1 мамырдан 1 қазанға дейін) газдың құрамында 40% пропан және 60% бутан болуы тиіс.
Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген Ережелерге сәйкес суық және жылы уақыт кезеңі үшін жанудың төменгі массалық жылуының шамасы қабылданады (3.2-кесте) – қысқы кезеңде 46,3 МДж/кг және жазғы кезеңде 46,0 МДж/кг. Есептеу үшін жанудың төменгі массалық жылуының орташа айлық шамасы алынады:
Qнв = (46,3*7+46,0*5)/12=46,17 МДж/кг
H – СМГ тұтынудың орташа айлық нормасын есептеу
H=3850 МДж/адам*жыл/ (46,17 МДж/кг*12)
H=6,95 кг/адам айына.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы үшін есепке алу аспаптары болмаған кезде тауарлық мұнай газын тұтыну нормалары.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Е. Кизатов
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шаукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Отын-энергетикалық кешені және
коммуналдық шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Құлұшев