«Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулыда:
атауындағы, преамбуладағы, 1-тармақтағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшы міндетін атқарушы Солтанбеков Нұрлан Қожахметұлына» деген сөздер «Нұр-Сұлтан қаласының Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына» деген сөздермен ауыстырылсын;
қосымшада:
1, 2, 3, 4-бөлімдердегі «Астана» деген сөз тиісінше «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес «5. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін тауарлық газды тұтыну нормалары» деген бөліммен толықтырылсын.
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қаматамасыз етсін.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов
Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің орынбасары Е. Қизатов
«Нұр-Сұлтан қаласы
әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі
мемлекеттік-құқықтық
бөлімінің басшысы Ж. Шәукентаев
«Нұр-Сұлтан қаласының
Отын-энергетикалық кешені және
коммуналдық шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Т. Құлұшев