2026 жылғы 25 мамыр күні "Астана қаласының Энергетика басқармасы" ММ-де Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша қызметкерлермен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Іс-шара барысында әкімшілік-құқықтық бөлімнің басшысы Омурзакова А.С. сөз сөйлеп, қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізіліп жатқан реформалармен, заңнамадағы өзекті өзгерістермен таныстырып, қызметтік әдеп нормалары мен адалдық қағидаттарын сақтау қажеттігін атап өтті.
Түсіндіру жұмысы барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауы;
қызметтік өкілеттіктерді жеке мүддеге пайдалануға жол бермеу;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілік;
заңсыз материалдық сыйақыларды, сыйлықтарды, жеңілдіктер мен өзге де мүліктік игіліктерді қабылдауға тыйым салу.
Сондай-ақ қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабының және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 367-бабына ескертпенің нормалары түсіндірілді.