Астана қаласының Дін істері басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы Дүниежүзілік евангелиялық альянс өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар діни саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ діни бірлестіктердің конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы рөлін талқылады.
10 тамыз – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күні. Бұл күн елімізде Абай күні ретінде аталып өтеді.
Абай – қазақ әдебиеті мен қоғамдық ойының дамуына зор үлес қосқан кемеңгер тұлға. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде білім, ғылым, еңбек, ар-ождан, әділет пен адам болмысы туралы терең ойлар көрініс тапқан.
Абай шығармаларының мәні уақыт өткен сайын жаңғырып, бүгінгі қоғам үшін де өзекті болып қала береді. Ұлы ақынның мұрасы – ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі.
Мониторинг барысында Айнұр Асенбердінің 31.07.2026 жылы youtube парақшасында жарияланған «Сізге уағыз айтуға тиым салынды. Енді не істейсіз? Дарын Мубаров|» атты подкастқа ҚР аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқан Дарын Мубаровпен түсірген подкасты анықталған. Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан хабарландыру болғанына қарамастан әлеуметтік желілерде бұл подкастты жариялаған.
Аталған материал бойынша құқықтық баға беріледі және діни заңнаманы бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.


Нәтижесінде, @zhanbol_nurmukhanbet «Threads» парақшасында «Бесплатный кофе за суру из Корана. С сегодняшнего дня запускаем акцию! Если вы сможете прочитать любую суру из Корана наизусть, мы угостим вас чашкой кофе бесплатно. Акция действует 7 дней - до 10 августа включительно. Астана, Қабанбай батыра, 58Б Ждём вас! Пусть эта акция станет поводом вспомнить или выучить ещё одну суру» мәтінінде Құран сүрелерін жатқа оқыған тұрғындарға тегін кофе беру (акция тек Қабанбай батыр, 58Б мекен-жайында Zhanpresso кофеханасында өтіп жатыр) түріндегі ынталандыру акциясы жарияланған.
Аталған жарияланымда діни мазмұндағы әрекетті (Құран сүресін жатқа оқу) материалдық сыйақымен (тегін кофе) байланыстыру арқылы тұрғындарды діни тәжірибеге қатысуға ынталандыру шаралары ұйымдастырылғаны анықталды.
Кофехана иесі Жанбол Нұрмұханбет Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасына шақырылды. Аталған түлғамен «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын, сондай-ақ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін түсіндіру мақсатында профилактикалық әңгіме өткізілді.



«Ашық бюджеттер» порталында және «Дін істері жөніндегі басқармасы»
сайтында 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама
паспорттарын (2026 жылға арналған бюджетті нақтылау)
орналастыру туралы Баспасөз хабарламасы
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жаңартылған паспорттарын (2026 жылға нақтыланған бюджет) жариялағаны туралы хабарлайды.
Сілтемелерде қол жетімді:
«Ашық бюджет» порталында
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published
"Дін істері жөніндегі басқармасы" сайтында
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жаңартылған паспорттары және агрегирленген жиынтық ақпараты:
Бюджеттік бағдарламаның төлқұжаты
369 0005 Астана қаласы «Дін істері басқармасы» ММ
005 «Облыстағы діни ахуалды зерделеу және талдау»
2026-2028 жылдарға арналған
https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-udr/documents/details/1025655?lang=kk
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ-нің 2026–2028 жылдарға арналған 0005 бюджеттік бағдарламасының паспорты
005 «Өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау».
https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-udr/documents/details/1025647?lang=ru
2026–2028 жылдарға арналған Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ-нің 369 0005 бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің қызмет паспорты.
https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-udr/documents/details/1025650?lang=ru
Іс-шара кәмелетке толмағандарды деструктивті діни ағымдар мен экстремистік идеологияның ықпалына тарту тәуекелдерінің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталды.
👥 Семинар жұмысына ювеналдық полиция бөлімшелерінің, ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері, Астана қаласы Білім басқармасы, Спорт және дене шынықтыру басқармасы, ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері, психолог-мамандар, сондай-ақ Астана қаласы прокуратурасының өкілдері қатысты.
🎤 Іс-шара модераторы ретінде «AQNIET» ақпараттық-насихаттық оңалту орталығы» қоғамдық қоры директорының халықаралық және өзге де жобалар жөніндегі кеңесшісі Шауметов Алим Фазылжанұлы қатысты.
🧠 Семинар аясында психология ғылымдарының кандидаты Избасарова Сауле Ишановна, Психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жукешева Жанар Данагатовна, «AQNIET» қорының психологы Жанабергенова Жұлдыз Хабибуллақызы баяндамаларын жасады.
Сонымен қатар семинар барысында радикалды діни идеологияның ықпалынан зардап шеккен тұлғаларды оңалту, әлеуметтік бейімдеу және дерадикализациялау мәселелері қарастырылды.
💬 Баяндамалар аяқталғаннан кейін қатысушылар кәмелетке толмағандар арасындағы радикалдануды алдын алу, психологиялық диагностика әдістері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл ерекшеліктері, сондай-ақ деструктивті идеология ықпалына бейім жасөспірімдерді анықтаудың практикалық тетіктері бойынша спикерлерге сұрақтар қойды.
Экскурсия жоғары қызығушылық тудырды: қатысушылар тарихи экспонаттармен мұқият танысып, гидке мазмұнды сұрақтар қойып, белсенділік пен шынайы қызығушылық танытты. Іс-шара барысында орындалған патриоттық әндер ерекше әсер сыйлап, кездесудің маңыздылығын арттыра түсті.
Шараның маңызды сәттерінің бірі — қыздардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын 🇰🇿 мақтанышпен ұстауы болды. Бұл олардың ұлттық құндылықтарға, ел тарихы мен мемлекеттік рәміздерге деген құрметін айқын көрсетті.
Аталған экскурсия жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, патриоттық санасын арттыруға және рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайтуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.
Курс тақырыбы: «Кәмелетке толмағандардың діни ортаға тартылуының ерте белгілерін анықтау және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері».
🎯 Іс-шараның мақсаты не болды?
Аталған оқу іс-шараларының мақсаты жасөспірімдердің деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу саласындағы мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, сондай-ақ тәуекелдерді ерте анықтау және дер кезінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру болды.
🎤 Ресми ашылуы:
Курстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлегендер:
* Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Көшқали Қайролла Дүйсешұлы;
* Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Жамбылқызы Қаиырбаева.
👤 Дәріс оқыған сарапшылар:
Курс аясында дін саласындағы білікті мамандардың дәрістері тыңдалды. Олардың қатарында:
🔹 Сабдин А.К. — белгілі теолог, исламтанушы, дерадикализация саласының сарапшысы;
🔹 Жаншин Н.Б. — дінтанушы - теолог, «Қамқор-Астана» ҚҚ бөлім басшысы;
🔹 Антипин А.А. — дінтанушы-сарапшы;
🔹 Романова А.Т. — дінтанушы, «Қамқор-Астана» ҚҚ бөлім басшысы;
🔹 Сақан Д. мен Нұрахметұлы А. — «Қамқор-Астана» ҚҚ теологтары;
Іс-шараны Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетімен бірлесіп ұйымдастырылды
Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, өңірлік дін істері басқармаларының басшылары, сондай-ақ қарасты ұйымдардың директорлары қатысты.
Жиын барысында:
* діни саладағы заманауи сын қатерлер мен тәуекелдер
* мемлекеттік саясатты жетілдіру тетіктері
* ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігі
* ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды
Сонымен қатар, мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыру және басқарушылық шешімдерді жаңа әлеуметтік және цифрлық жағдайларға бейімдеу бағыттарына назар аударылды.
Осы аяда «TASPA» ақпараттық-талдау жүйесі таныстырылды.
Аталған жүйе жасанды интеллект технологиялары арқылы интернет-контентті мониторинг жасауға, өңдеуге және талдауға мүмкіндік беретін заманауи бағдарламалық кешен болып табылады.
Семинар тәжірибе алмасуға және ортақ тәсілдерді қалыптаст�