Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТЫНЫҢ ЖОБАСЫН ТАЛҚЫЛАУ

Құрметті азаматтар!

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 2-тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты квазимемлекеттік сектордың субъектілері жұртшылықтың қатысуымен әзірлейді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарымен (бұдан әрі - Әдістемелік ұсынымдар) айқындалған.

Әдістемелік ұсынымдардың 8, 9-тармақтарына сай жұртшылықтың қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың жобасын әзірлеушінің интернет-ресурсында орналастыру және оған ұсыныстар мен ескертулерді жинау арқылы қамтамасыз етіледі.

Осыған байланысты, «БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасын қарауды және ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда 2021 жылғы 12 қыркүйекке дейінгі мерзімде enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жіберілген ұсыныстар мен ескертулер қарауға қабылданбайды.

«БЖЗҚ» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасы

Құрметпен, «БЖЗҚ» АҚ

Дата публикации
25 августа 2021
Дата обновления
25 августа 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы хабарландыру
Ақпарат
28 мая 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
Ақпарат
03 сентября 2025
Астана қалалық Дін істері басқармасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы