Меню

Страницы

Статья

Интервью 2

      Еске сала кетейік, 2021 жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделу немесе инвестициялық басқаруға басқарушы компанияларға беру үшін пайдалануға құқылы (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ).

      Зейнетақы жинақтарын инвестициялық басқаруға басқарушы компанияларға беру туралы сұрақтарға, оның ішінде салымшыға зейнетақы жинақтарын аудару үшін не қажет және салымшының зейнетақы жинақтарын аудару кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қандай болатынын «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қ. филиал директоры – Басқарушы директор   М.Шарипов түсіндіреді.

 

 

  1. Зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшыға не қажет және одан әрі әрекет ету механизмі қандай?

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Өтініш БЖЗҚ-ныңwww.enpf.kzсайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келіп, өтініш білдіргенде берілуі мүмкін.

БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. 

 

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдері түріне жатпайды (тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) және оларға ИПБ-ға аударған кезде жеке табыс салығы салынбайды.

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген, яғни рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқарғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5% - ынан аспауы керек. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітетін болады және ол жылына көп дегенде бір рет өзгеруі мүмкін.

 

  1. Салымшы зейнетақы жинақтарын бір басқарушы компаниядан екіншісіне аударуға құқылы ма?

Зейнетақы активтерін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына алғаш бергеннен кейін салымшы:

- БЖЗҚ-ға өзінің зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға беру туралы өтінішті жылына көп дегенде бір рет беруге;

- БЖЗҚ-ға ИПБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтаруға (зейнетақы жинақтары ИПБ сенімгерлік басқаруына алғаш берілгеннен кейін екі жылдан ерте емес) өтініш беруге құқылы.

 

  1. Зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің басқаруына қай кезде қайтаруға болады?

Салымшы зейнет  жасына жеткенге дейін күнтізбелік 10 күн бұрын салымшының зейнетақы жинақтары Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.

Зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруында болған кезеңде салымшы зейнет жасына жеткенге дейін инфляция деңгейін ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік қолданылады. Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аударған кезде мемлекет кепілдігі басқарушы компанияның зейнетақы активтерікірістілігінің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі кепілдігімен ауыстырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігінен есептелетін болады. Зейнетақы активтері бойынша ең төменгі кірістілік және орташа алынған кірістілік көрсеткіштері туралы ақпарат ай сайын жарияланады.

 

  1. Салымшылардың зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға беру кезіндегі беру кезіндегііс-қимылалгоритмі алгоритмі қандай?

       Бастапқыда, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) беру туралы шешім қабылдаған жағдайда алдымен жұмыс істеп жатқан ИПБ тізбесімен танысып, enpf.kzсайтындағы «Қызметтер»–«Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару"бөлімінде олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуді ұсынамыз.

       Бұдан әрі зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш беруі қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

         Салымшы дербес жүгінген кезде жеке куәлігін көрсетіп, содан кейін қажетті құжаттарды толтыруыкерек, оған қажет болған жағдайда Қор менеджерлері көмектеседі.

enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға аударуға өтініш берген кезде төмендегі әрекеттерді орындау қажет: 

Бірінші қадам.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы авторлану. Жеке кабинетке сайттың басты бетінен немесе «Электрондық сервистер» бөлімінен кіруге болады.

Екінші қадам. Жеке кабинеттің басты бетінде зейнетақы жинақтарының сомасын тексеру және ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына беруге қолжетімді МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары сомасының бар-жоғына көз жеткізу.

Үшінші қадам.Жеке кабинеттің «Қызметтер» шағын бөліміне өту.

Төртінші қадам.«Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға аудару» қызметін таңдау. «Өтініш деректемелерін енгізу» терезесінде салымшының жеке басын куәландыратын құжат, мекенжайы және байланыс деректері туралы мәліметтер БЖЗҚ автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер базасынан автоматты түрде шығарылады. Жеке басты куәландыратын құжаттың бар және оның қолданыстаекендігі туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасымен салыстырылады. Егер осы ақпараттың біреуі (мысалы, мекен-жайы немесе телефоны) өзгерсе, түзетулер енгізуге болады.

Бесінші қадам.«Өрістерді толтырыңыз» бөлімінде қазіргі уақытта әдепкі бойынша «инвестициялық портфельді басқарушыны таңдауға байланысты» опциясы қойылады.

Бұл жерде:

1) зейнетақы жинақтарын (МЗЖ немесе МКЗЖ) ИПБ-ға аударуға ниет білдірген зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың деректемелерін таңдау қажет;

2) ұсынылып отырған ИПБ анықтамалығынан зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға аударғыңыз келетін ИПБ атауын таңдау;

3) сенімгерлікпен басқаруға аудару үшін қолжетімді соманы көрсету;

4) ұсынылған ақпаратпен танысу және оған келісу/келіспеушілік білдіру қажет.

 

Алтыншы қадам.Өтінішке өзінің ЭЦҚ арқылы қол қою.

Жетінші қадам.Жеке кабинеттің басты бетіндегі «Өтініштердің мәртебесін қадағалау» шағын бөлімінде өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау. 

       Сонымен бірге, БЖЗҚ қызметкерлері әрдайым зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру туралы сұрақтарға жауап беруге, сондай-ақ Қордың электрондық қызметін алуына қашықтықтан қолдау көрсетуге дайын.

 

  1. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияның сенімгерлік басқаруына аудару үшін қанша уақытты алады?

        БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейінгі отыз күнтізбелік күн ішінде ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. 

ИПБ-ның инвестициялық басқаруына берілген зейнетақы жинақтары біржолғы зейнетақы төлемдерін алу(тұрғын үй жағдайларын жақсарту және/немесе емделу мақсаттарына алынған жағдайдағыдай) ретінде есептелмейді және оларды ИПБ-ға ауыстырған кезде оларға жеке табыс салығы салынбайды. 

 

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы хабарландыру
Ақпарат
28 мая 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
Ақпарат
03 сентября 2025
Астана қалалық Дін істері басқармасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы