Меню

Страницы

Статья

Интрвью 1

      2021 жылғы қаңтардан бастап азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу үшін ғана емес, сондай-ақ, басқарушы компанияларға (инвестициялық портфельді басқарушы – ИПБ) инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын беретін заңнамалық нормалар күшіне енді.

    Зейнетақы жинақтарын инвестициялық басқаруға басқарушы компанияларға беру туралы сұрақтарға, оның ішінде басқарушы компанияларға зейнетақы жинақтарын аудару үшін қандай талаптар қойылады, зейнетақы жинақтарын аудару тәртібі қандай және қандай мөлшерде болатынын «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қ. филиал директоры – Басқарушы директор   М.Шарипов түсіндіреді.

 

  1. Басқарушы компанияларға зейнетақы активтерін басқаруға беру үшін қандай талаптар қойылады?

      Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі:

-зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін ИПБ-ға қойылатын талаптарды, сондай-ақ, зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

-зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкес келетін ИПБ тізілімін ай сайын жүргізеді және өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

Салымшы сондай-ақ,қолданыстағы ИПБ тізбесімен және олар ұсынатын инвестициялық декларациялармен БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында таныса алады.

       Ағымдағы сәтте Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі инвестициялық портфельді басқарушыларға қатысты бекіткен талаптарға нарықта жұмыс істейтін және басқарушы компаниялар агенттігінің лицензияларына ие 18 компанияның алтауы сәйкес келеді:

«First Heartland Jysan Invest»;

«BCC Invest» АҚ –«Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы»;

«Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ);

«Halyk Finance» Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ»  АҚ;

«First Heartland Capital» АҚ;

«Сентрас Секьюритиз» АҚ.

            Алайда зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға беру үшін бұл компанияларға зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарттың, сондай-ақ, БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы қажет.

             2021 жылдың 18 ақпанында«БЖЗҚ» АҚмен«First Heartland Jysan Invest» АҚ арасында,сондай-ақ,«БЖЗҚ» АҚмен«Halyk Global Markets» АҚ («ҚазақстанХалықБанкі» АҚ ЕҰ) арасындазейнетақыактивтерінсенімгерлікпен басқарутуралышарттаржасалды.

              «First Heartland Jysan Invest» АҚ-ныңкастодиан-банкі«Сбербанк» АҚ ЕҰ, «Halyk Global Markets»АҚ-ның («ҚазақстанХалықБанкі» АҚ ЕҰ) кастодиан-банкі«БанкЦентрКредит» АҚ болды.

               ЗейнетақыжинақтарынИПБ-ға беруүшінсалымшыБірыңғайжинақтаушызейнетақықорынаИПБ-ны таңдаутуралыөтінішпенжүгінуіқажет. Өтініш БЖЗҚ-ның enpf.kzсайтындағыжекекабинетарқылынемесе БЖЗҚ-ныңкезкелгенөңірлікбөлімшесінеөзі келгенкезде берілуімүмкін.

      Сонымен бірге, БЖЗҚ қызметкерлері әрдайым зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру туралы сұрақтарға жауап беруге, сондай-ақ Қордың электрондық қызметін алуына қашықтықтан қолдау көрсетуге дайын

 

  1. Зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға аудару тәртібі қандай?

        Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін:

             ИПБ тарапынан:

1) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкестігі;

2) ИПБ уәкілетті органдар тізіліміне енгізілуі;

3) БЖЗҚ мен ИПБ арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың болуы;

4) БЖЗҚ, ИПБ және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуыкерек.

салымшы тарапынан:

1) салымшының БЖЗҚ-ға берген ИПБ таңдау туралы жазбаша өтінішінің болуы;

2) салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында ИПБ-ға беру үшін жеткілікті қаражаттың болуытиіс.

 

  1. Салымшының жинақталған зейнетақы қаражатын басқарушы компанияларға қаншалықты аударуға болады?

Салымшының зейнетақы жинақтары ИПБ басқаруына:

- салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде; немесе

- өмір бойғы төлемдерді көздейтін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда, салымшының БЖЗҚ-дағы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығынан аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.

 

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы хабарландыру
Ақпарат
28 мая 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
Ақпарат
03 сентября 2025
Астана қалалық Дін істері басқармасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы