Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін қазақстандықтар қандай мақсаттарға бағыттауда?

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 

БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін

қазақстандықтар қандай мақсаттарға бағыттауда?

 

2021 жылдың 16 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, сондай-ақ, «Банк ЦентрКредит» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 134 709 өтініш келіп түсті.

Жалпы сомасы 469 млрд теңгеге жуық 86 710 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына келіп түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады.

Жалпы сомасы 27,7 млрд теңгеге жуық 5 420 өтініш салымшылардың уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарына кейіннен төлемдерді жүзеге асыруға аудару үшін өңделуде.

25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкілетті оператордан өтініш қабылдай бастаған күн) 42 579 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. Өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі өтініште көрсетілген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомадан асып кетуі болып табылады. БЖЗҚ-ның өтініштерді қабылдамау себептері мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы егжей-тегжейлі баяндамасы мына жерде.

Өтініштердің 97% жуығы «Отбасы банк» ТҚЖБ» АҚ уәкілетті операторынан, 3% – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дан түскен. 15 ақпаннан бастап үшінші уәкілетті оператор – «Банк ЦентрКредит» АҚ-дан өтініштер түсе бастады. Одан 2 өтініш жіберілді, олардың біреуі өңдеуге қабылданды, ал екіншісі өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға құқығы болмағандықтан қабылданбады

Орындалған өтініштерді талдау барысы олардың ең көп санының (шамамен 39%) ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу мақсатына (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде) бағытталғанын көрсетеді. Өтініш білдірген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жіберу туралы шешім қабылдаған. Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшінші орындағы сұраныс – жақын туыстарына беру (өтініштердің 19% астамы).

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы хабарландыру
Ақпарат
28 мая 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
Ақпарат
03 сентября 2025
Астана қалалық Дін істері басқармасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы