Меню

Страницы

Статья

Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін БЖЗҚ-дан 386,4 миллиард теңге аударылды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

 

Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін

БЖЗҚ-дан 386,4 миллиард теңге аударылды

 

2021 жылдың 11 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан («Отбасы Банкі» ТҚЖБ» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 109 900 өтініш түсті.

Жалпы сомасы 386,4 млрд теңгеден асатын 71 200 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асатын соманы құрады.

21,7 млрд теңгеден аса сомаға 3 988 өтініш уәкілетті операторларда ашылған арнайы шоттарға кейіннен төлемдер жасау үшін өңделуде.

Үкімет қаулысымен бекітілген «Зейнетақы төлемдерін, біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында жүзеге асыру» қағидаларына сәйкес, жинақтарды уәкілетті операторға аудару уәкілетті оператордан БЖЗҚ-ға салымшының өтініші келіп түскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылатынын еске саламыз.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 173-бабына сәйкес уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі оқиғаның басталуы белгіленген күнтізбелік күннен немесе оқиғаның басталуынан кейінгі келесі күні басталатынын атап өткен жөн.

2021 жылғы 25 қаңтардан бастап (БЖЗҚ уәкілетті оператордан өтініш қабылдай бастаған күн) 34 712 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады. Өтінімдерді қабылдамаудың негізгі себебі өтініште көрсетілген сұратылып отырған соманың зейнетақы жинақтарының алуға қолжетімді сомадан асып кетуі болып табылады. Өтініштерді қабылдамау себептері мен оларды жою бойынша ұсынымдар туралы БЖЗҚ бұған дейін егжей-тегжейлі баяндаған болатын.

Егер қандай да бір себептермен салымшының өтініші қабылданбаған болса, оларды жойып, жеткіліктілік шегінен асатын сома болған жағдайда, өтінішті шексіз рет беруге болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
16 июня 2021
Дата обновления
16 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
10 июля 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелердеріне ішкі талдауды жария талқылау туралы хабарландыру
Ақпарат
28 мая 2026
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
Ақпарат
03 сентября 2025
Астана қалалық Дін істері басқармасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы