«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 12-1035 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының 2 және 4-тармақтарындағы «Астана» деген сөз «Нұр-Сұлтан» деген сөзбен ауыстырылсын;
аталған қаулыға қосымшада:
«Алматы» ауданы» деген бөлім мынадай мазмұндағы 1-1-жолмен толықтырылсын:
«
|
1-1.
|
ЖК «Paidaly kitaptar»
|
А. Байтұрсынұлы көшесі, № 47 үй
|
»;
«Есіл» ауданы» деген бөлім мынадай мазмұндағы 9-1-жолмен толықтырылсын:
«
|
9-1.
|
«Кемеңгер Медиа Груп» ЖШС
|
Е-757 көше
|
»;
«Сарыарқа» ауданы» деген бөлімде реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын.
- «Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
- осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
- осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.