Астана қаласының
Дін істері жөніндегі басқармасы
Басшысының
2022 жылғы «___» ____________
№ __ бұйрығына
2 қосымша
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ
Мониторинг,талдау және ақпараттық-ағартушылық жұмыс бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Мониторинг, талдау және ақпараттық-ағартушылық жұмыс бөлімі
(әрі қарай - Бөлім) Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымы, штаттық саны Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітіледі.
- Бөлімнің штаттық саны:
1) бөлім басшысы - 1 бірлік;
2) бас маман - 2 бірлік.
- Мониторинг, талдау және ақпараттық-ағартушылық жұмыс бөлімінің
негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
- Мақсаты:
- қаланың діни ахуалына талдау және зерделеу жүргізу;
- бөлім құзіретіндегі мемлекеттік қызметті іске асыру;
- ақпараттық-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарының іске асырылуы бойынша процестерді жинақтау, ұсыныстар енгізу;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылығын сақтау.
- Функциялары:
- бөлім құзіретінде, Басқарма басшысының ұйымдастыру сұрақтары бойынша шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындау;
- Қала әкімі, оның орынбасарлары, басқарма басшысының хаттамалық шешімдерінің орындау;
- Бөлім құзіретінде, қала әкімі, Басқарма сайтына түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытылы жауап беру;
- Қаланың діни ахуалын зерделеу, оған талдау жүргізу;
- Діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы заттарды талдау және зерделеу;
- Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы Астана қаласы әкімдігінің актілерінің жобасын әзірлеу;
- Өңірде құрылған діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының, қайырымдылық мекемелер мен қорлардың қызметін зерделеп, оған талдау жүргізу;
- Діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізу;
- Басқарма тарапынан, уәкілетті органға Қазақстан Республикасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңын жетілдіруіне бағытталған ұсыныстар енгізу;
- Қала тұрғындарының діни сенім бостандығы құқықтарын іске асырылуындағы процестерді бақылау, зерделеу, оған талдау жүргізу;
- Конфессионалдық саясатына қауіп-қатерді болдырмау мақсатында ұсыныстар енгізу, мемлекеттік органдары әдістемелік қамтамасыздандыру;
- Жергілікті баспа және электронды БАҚ беттерін талдау, зерделеу, мониторинг жүргізу;
- Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, іске асыру;
- Басқарма құзіреті шегінде, жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмыстары жайлы ақпаратты Астана қаласы әкіміне тоқсан сайын Басқарма басшысына ұсыну;
- Басқарманың тоқсандық және жылдық есептерін әзірлеу және жинақтау;
- Қаланың діни ахуалы бойынша аналитикалық хаттар, жедел анықтамалар әзірлеу;
- Бөлімнің апталық, тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу, уақытылы іске асыру;
- Басқарманың апталық, тоқсандық және жылдық жұмыс жоспарын әзірлеу, уақытылы іске асыру;
- Астана қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы күрес комиссиясына қажетті құжаттарды дайындау, отырысқа қатысу, хаттамалық тапсырмаларын орындау;
- Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы күрес орталығының хаттамалық тапсырмаларын орындау, ақпарат жинақтау;
- Ведомствоаралық жоспарды іске асыруына қатысты отырыстарды ұйымдастыру, қажетті құжаттарды әзірлеу, хаттамалық тапсырмаларды орындау;
- Бөлім құзіреті шегінде, Қазақстан Республикасының«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығымен танысу, назарда ұстау;
- Бөлім қызметкері бөлінген жағдайда, Астана қаласы әкімдігінің жанындағы Мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиясының отырысына қатысу;
- Басқарма басшысына бөлім қызметіне қатысты, ақпараттық материалдар, баяндамалар әзірлеу;
- Басқарма құзіреті шегінде, кеңестер, семинарлар, конференциялар, «дөңгелек» үстелдер және өзге де отырыстарды ұйымдастыру, қатысу;
- Қаланың діни ахуалына тоқсандық, жылдық және кешендік әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
- Бөлім құзіреті шегінде, құқық қорғау және арнайы органдармен ақпарат алмасу;
- «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметін үйлестіру, зерделеу, оған талдау жүргізу.
- Құқықтары мен міндеттері:
1) Мемлекеттік мекеме басшылығының тапсырмаларын орындауға;
2) Функционалдық міндеттерді орындауға қатысты жұмысты жетілдіру үшін ұсыныстар енгізуге;
3) Бөлім құзіреті шегінде, құқыққорғау және арнайы органдармен бірлесе қызмет атқаруға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, өзге құқықтарды жүзеге асыру.
- Мониторинг және талдау, ақпараттық-ағартушылық
жұмыс бөлімінің қызметін ұйымдастыру
- Бөлім өзінің негізгі мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыруға қажетті заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құзіреттерге ие.
- Бөлім басшылығы бөлім басшысымен іске асырылады, бөлімге міндеттелген мақсаттардың орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға жеке-дара жауапты болып табылады.
- Бөлім басшысын Басқарма басшысы тағайындайды және қызметтен босатады.
- Бөлімнің штаттық құрылымы Басқарма басшысымен бекітіледі.
- Бөлім басшысының міндеттері:
- Бөлім жұмысына басшылық етеді;
- Бөлім қызметкерлерін тәртіптік жазаларға немесе марапаттауға ұсыныс енгізеді;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін жеке-дара жауапты.
- Бөлім басшысы мемлекеттік мекеме басшысына бөлімнің құрылымы және штаттық кестесіне қатысты ұсыныстар енгізеді.
- Бөлім құзіреті шеңберінде сұрақтар бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ол болмаған жағдайда міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
_____________________