Баспасөз-хабарлама Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты 369 0005 "Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ Астана қ. 2026-2028 жылдарға арналған

2-қосымша
Бюджеттік өтінімді жасау,
ұсыну, қарау
қағидаларына
  Нысан

 

Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің паспорты
369 0005 "Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ Астана қ.

2026-2028 жылдарға арналған

 

  1. Жетекшілік ететін саладағы/аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары: "Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Басқарма) Астана қаласының аумағында дін саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2   Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің нормативтік-құқықтық негізі:

        - ҚР 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексі (168-баптың 8-тармағы);

          -ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 дсп "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысы; ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 654 дсп "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін жұмыскерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" қаулысы;

        -2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың жұмыскерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулы;

       -ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңы;

       -ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ "Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі" Кодексі;

       -ҚР 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексі;

     -ҚР 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚРЗ "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңы;

     -Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы (27-бап);

     - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 16 наурыздағы №274 "Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есебін жасау, ұсыну, қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығы;

    -ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі № 201 "Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және техникасымен, мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдармен, кеңсе тауарларымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" бұйрығы

-ҚР 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы.

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы №97 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы

 

3  Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің мақсаттары мен нысаналы индикаторлары немесе функциялары, өкілеттіктері мен құзыреттері туралы мәліметтер:

 Жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін аппараттың қызметін қамтамасыз ету, Басқарма аппаратының қызметін негізгі құралдармен қамтамасыз ету, Астана қаласындағы діни ахуалды зерделеу және талдау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасының бұзылуына қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту жөніндегі Астана қаласы әкімдігінің жобаларын әзірлеу, конфессияаралық келісім мен толеранттылықты түсіндіру және насихаттау жөніндегі шаралар, сондай-ақ басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттар туралы тоқсан сайынғы жиынтық ақпараттарды қала әкіміне дайындау

 

 

 Астана қаласы.

 

"Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ Функциялары - қаладағы діни ахуалды зерделеу және талдау, діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау саласындағы өңірлік және халықаралық байланыстарды кеңейту және жақын және алыс шетелдердің тәжірибесін зерделеу, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, діни бірлестіктер құрудың бастамашы-азаматтарының тізімдеріне тексеру жүргізу, миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді жүргізу, дін саласындағы ҚР заңнамасының бұзылуы анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және оларды одан әрі сот органдарына беру, ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізу, діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, ғибадат ғимараттарын (құрылыстарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім қабылдау, ҚР "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңында көзделген талаптардың сақталуын бақылау.

 Өкілеттіктері-мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен сұрату және алу, "Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы" ММ құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың жұмыскерлерін қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру, дін саласындағы көпжақты байланыстарды дамыту.

Міндеттері конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау, дін саласындағы және конфессиялық қатынастарды нығайтудағы жергілікті атқарушы биліктің барлық құрылымдарының бірыңғай стратегиясын және келісілген өзара іс-қимылын қалыптастыру, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын іске асыру саласында болып жатқан процестерді жан-жақты және объективті зерделеу, қорыту және талдау. 

    

  • Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарының, қызмет нәтижелерін көрсете отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің көрсеткіштерін белгілейтін меншікті құжаттардың тізбесі:

 

  • Функцияларды, өкілеттіктер мен құзыреттерді немесе Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға жоспарланатын шығыстар көлемінің қысқаша сипаттамасы:
  • Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоспарлы кезеңге арналған шығыстарының жалпы сомасы:

369001015 "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі қызметтер"

 Аппаратты ұстауға және оның жұмыс істеуіне арналған шығыстар сомасы

2026 жыл-164 938,0 мың теңге

2027 жыл-118 386,0 мың теңге

2028 жыл-121 938,0 мың теңге

 

369003015 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары"

Жүктелген міндеттерді орындау үшін аппараттың материалдық-техникалық базасын құруға және нығайтуға арналған шығыстар сомасы

 

2026 жыл -641,0 мың теңге

2027 жыл-679,0 мың теңге

2028 жыл-720,0 мың теңге

 

369005015 "Өңірдегі діни ахуалды зерделеу және талдау"

 

Референттік топтар өкілдерінің кемінде 100%-ын жыл сайын ақпараттық-түсіндіру жұмысымен қамтуға, сонда

 

         

тыс.тенге

Факт 2024 год

Отчетный период 2025 года

Плановый период

Утвержденный

Уточненный

2026 г.

2027 г.

2028 г.

873 177,1

1 044 006

1 197 623,0

1 264 615,0

936 979

981 468

2-қосымша бп 004
Дата публикации
16 сентября 2026