Астана қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру

Астана қаласының коммуналдық мүлкін

мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру

 

«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі функцияларының бірі Астана қаласының коммуналдық мүлкін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру болып табылады.

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                        17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағида) айқындалған.

Коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру рәсімінің ашықтығы мен айқындығы, сондай-ақ Қағидаға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында, мемлекеттік меншіктің бос, пайдаланылмайтын объектілері туралы барлық мәліметтер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында орналастырылады (gosreestr.kz).

Коммуналдық меншік объектілерін жалға беру бойынша тендерлерді өткізудің электрондық форматы өтініш берушінің (қатысушының) орналасқан жеріне қарамастан, мемлекеттік органның өзіне жазбаша өтініш жасамай ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ жалға беруші мен жалға алушы арасындағы байланысты толығымен жояды.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталын пайдаланудың басты артықшылықтары (gosreestr.kz):

1) тәулік бойы қолжетімділік (тәуліктің уақытына, мереке және демалыс күндеріне қарамастан кез келген уақытта өтінім беру);

2) кез келген электрондық құрылғыны (компьютер, планшет, ұялы телефон) пайдалана отырып, Интернет желісі арқылы сіз үшін ыңғайлы кез келген жерден қажетті ақпаратты алу);

3) жазбаша растауды күтудің қажеті жоқ;

4) кезектердің болмауы;

5) жедел ақпарат беру;

6) қолдау қызметінің болуы.

Орын-жайларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру туралы ақпараттық хабарламалар мен хабарландырулар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (gosreestr.kz) «Электрондық сауда алаңы» бөлімінде орналастырылады, онда мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілетін объектілер, олардың орналасқан жері, ауданы және нысаналы мақсаты туралы ақпарат алуға болады.

 

 

«Астана қаласының

Активтер және мемлекеттік сатып

алу басқармасы» ММ

басшысының орынбасары

А.М. Амрина

 

 

 

Астана қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру
Дата публикации
30 декабря 2023