Астана қаласының әкімдігі Мемлекеттік басшысының тапсырмасын орындау аясында, коммуналдық заңды тұлғаларды оңтайландыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Астана қаласы әкімінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі өкімімен Астана қаласының квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жөніндегі комиссия құрылды.
Қазіргі күні, елорданың квазисекторына 381 заңды тұлға кіреді: 124 мемлекеттік мекемелер, 123 жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, 103 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, 9 акционерлік қоғамдар, 22 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.
Мәселен, қазіргі күні, 9 заңды тұлғаға оңтайландыру жүргізілді. Оның ішінде, біріктіру жолымен 6 заңды тұлға қайта құрылды, 3 заңды тұлға таратылды.
Мемлекет басшысының квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жөніндегі тапсырмасын орындау барысында, әлеуметтік саланы қоспағанда, 148 бірлік әкімшілік-басқарушылық персонал қысқартылды.
Аталған бағытта жұмыс жалғасуда.
«Астана қаласының
Активтер және мемлекеттік
сатып алу басқармасы» ММ
басшысының орынбасары
А.М. Амрина