Астана қаласының квазимемлекеттік секторын оңтайландыру

Астана қаласының әкімдігімен Мемлекеттік басшысының тапсырмасын орындау аясында, коммуналдық заңды тұлғаларды оңтайландыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Астана қаласы әкімінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі өкімімен Астана қаласының квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру жөніндегі комиссия құрылды.

Қазіргі күні, елорданың квазисекторына 371 заңды тұлға кіреді:  143 мемлекеттік мекемелер, 122 жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, 78 шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, 7 акционерлік қоғамдар, 21 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.

2020-2021 жылдарда Астана қаласының квазимемлекеттік секторын оңтайландыру аясында, 11 заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру және тарату жүргізілді, қорытындысы бойынша 7 заңды тұлға қысқартылды.

2022 жылы 2 заңды тұлға таратылды.

Квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту жөніндегі Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасын орындау барысында, 2021 жылы әлеуметтік саладан басқа, 92 бірлік әкімшілік-басқарушы персонал қысқартылды.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасатын болады.

 

 

«Астана қаласының

Активтер және мемлекеттік

сатып алу басқармасы» ММ

басшысының орынбасары

Амрина А.М.

 

Дата публикации
04 октября 2022