
Коммуналдық заңды тұлғаларды корпоративтік басқару аясында «Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі мынадай функцияларды жүзеге асырады: мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру және мөлшерін өзгерту туралы шешім қабылдау; коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; мемлекет бақылайтын мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар (бұдан әрі – АҚ) мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) даму жоспарларының орындалуына бақылау және талдауды жүзеге асыру; Астана қаласы әкімдігінің шешімі бойынша АҚ акционері және ЖШС қатысушысы, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындардың уәкілетті органы болып табылады; Астана қаласы әкімдігінің атынан өкілеттілікпен байланысты АҚ жалпы жиналыстарында, ЖШС қадағалау кеңестерінде басқару органдарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету.