
«Астана қаласының Активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметі бағыттарының бірі Астана қаласының коммуналдық мүлкін иелену, пайдалану және басқару саласында басшылық ету болып табылады.
Аталған қызмет бағыты мынадай функцияларды қамтиды: бюджет қаражаты есебінен салынған мүлікті Астана қаласының коммуналдық меншігіне қабылдауды және оны коммуналдық заңды тұлғаларға бекітуді жүзеге асыру; мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік мүліктің бір түрінен екінші түріне қабылдауды және беруді жүзеге асыру; коммуналдық меншікке берілетін мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкі бойынша сыйға тарту шартын жасасу туралы шешім қабылдау; коммуналдық мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру немесе акционерлік қоғамның акцияларын төлеу туралы шешім қабылдау; мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру және мөлшерін өзгерту туралы шешім қабылдау; жекешелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке берілген (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды қабылдау және ұйымдастыру туралы шешім қабылдау; әділет органдарында меншік құқықтарын тіркеу бойынша жұмысты жүзеге асыру; коммуналдық заңды тұлғалардың жарғыларын (ережелерін) бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу; мемлекет бақылайтын мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар (бұдан әрі – АҚ) мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі – ЖШС) даму жоспарларының орындалуына бақылау және талдауды жүзеге асыру; мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың коммуналдық мүлкін есептен шығаруды келісу; Астана қаласы әкімдігінің атынан өкілеттілікпен байланысты АҚ жалпы жиналыстарында, ЖШС қадағалау кеңестерінде басқару органдарында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету; коммуналдық мүлікті пайдалануға бақылауды жүзеге асыру; коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру; жеке және мемлекеттік заңды тұлғаларға Астана қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) сенімгерлік басқаруға ұсыну; Астана қаласының коммуналдық мүлкін өтеусіз пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда ұсыну.