GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 қазан сағат 21:00-ден 20 қазан сағат 07:00-ге дейін Ұлы Дала және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 19 қазан сағат 21:00-ден 20 қазан сағат 07:00-ге дейін Ұлы Дала және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысында көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.

19 октября 2026
Астанада биыл қандай ірі жол жобалары аяқталады
Елорданың жол-көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту жұмысын жүргізіп жатырмыз. Биыл 50-ге жуық жол нысанында жұмыс жүріп жатыр, оның аясында жыл соңына дейін тағы 15 шақырым жол салынады. Бұл қаланың көлік қозғалысын жақсартып, көлік жиі қатынайтын жол учаскелеріндегі кептелісті азайтуға мүмкіндік береді.
 
✅«Тәуелсіздік көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі құрылысы» жобасы бойынша инженерлік желілерді, нақтырақ айтқанда, нөсер кәрізі желісі мен шаруашылық-тұрмыстық кәріз жүйесін, кабельдік арнаны, жылу трассасын және байланыс желілерін, сондай-ақ кәріз сорғы станциясын (КСС) салу жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жол төсемін салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр.
 
Аталған жобаны іске асыру Мәңгілік Ел мен Тұран даңғылдарындағы көлік кептелісін азайтуға, сол сияқты сол жағалаудағы құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан Хусейн бен Талал көшесі аумағын қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру қажеттілігі осы аумақта құрылыс жұмысының қарқынды жүргізілуіне және оның одан әрі дамуына, соның ішінде жаңа нысандардың, атап айтқанда, «Мега» сауда-ойын-сауық орталығының салынуына байланысты туындап отыр.
 
✔️Қараша айының соңына дейін учаскенің бойында жолдың бір жағымен көлік қозғалысын толықтай қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
 
✅Жангелдин көшесінің құрылысы К. Күмісбеков және Ш. Бейсекова көшелерінің арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етеді, сол сияқты №65 мектеп-гимназиясына, техникалық колледжге және «Білім-Инновация» мектеп-интернатына көлікпен жетуді ыңғайлай түседі. Қазіргі уақытта инженерлік желілерді жүргізу және жол төсемін салу жұмысы жүріп жатыр. Биыл 10 қарашаға дейін жобаның барлық учаскесінде көлік қозғалысын қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз.
 
✅«Н. Тілендиев даңғылы мен Ш. Бейсекова көшесінің қиылысында екі деңгейлі жолайрық салу» жобасы аясында құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Көпірдің металл конструкциясын құрастыру жұмысы толық аяқталды. «Астықжан» сауда үйі жағындағы учаскеде асфальтбетон жабынының екінші қабатын төсеу жұмысы аяқталды.
 
Инженерлік коммуникацияларды тарту бойынша негізгі жұмыстың 90%-ы аяқталды. Су құбыры, шаруашылық-тұрмыстық және нөсер кәрізі желілері, жылу желілері мен байланыс желілері салынды.
 
Сонымен қатар, Сейфуллин көшесі жағында да жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жол төсемін салу және асфальт төсеу үшін негіз дайындау жұмысы атқарылуда, сондай-ақ инженерлік желілерді жүргізу жұмысы жүріп жатыр.
 
✔️Аталған жобаны іске асыру Ақан сері, Ш. Қосшығұлұлы және К. Күмісбеков көшелеріндегі көлік жүктемесін азайтуға, сондай-ақ Көктал мен Агроқалашық елді мекендерінің тұрғындары үшін көлік қатынасын жақсартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, жаңа жолайрық елорданың сол жағалауы мен Ш. Айтматов көшесі арқылы Үркер елді мекеніне апаратын бағыттағы қаланың оң жағалауын байланыстыратын көлік қозғалысын жақсартады.
 
✅«Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі учаскеде Абайдың 150 жылдығы көшесін салу» жобасы іске асырылып жатыр. Қазіргі уақытта жол төсемін салу жұмысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
 
✅«Пригородный елді мекеніндегі көшелерді салу. Местная 7 және Е522 көшелері (жобалық атаулары)» жобасы аясында Е522 көшесінде нөсер суы кәрізі салынды. Қазіргі уақытта су құбыры желілерін салу және жол төсемі жұмысы жүріп жатыр. Қазіргі уақытта асфальтбетон жабынының төменгі қабатының 600 метріне асфальт төселді. Қазан айының соңына дейін Е522 көшесінде көлік қозғалысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
 
Елорданың барлық ауданында жол жөндеу және құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Мердігер ұйымдарға белгіленген мерзімдерді қатаң сақтау және тиісті сапада орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
 
 
 
11 октября 2026
Жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты төмендегі қиылыстарда автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай шектеледі:

Жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты төмендегі қиылыстарда автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай шектеледі:

– 10 қазан сағат 22:00-ден 11 қазан сағат 6:00-ге дейін А. Иманов көшесі мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысында;

– 11 қазан сағат 22:00-ден 12 қазан сағат 6:00-ге дейін Бейбітшілік көшесі мен Ә. Жангелдин көшесінің қиылысында.

Маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.

05 октября 2026
"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының жобаларын орналастыру туралы баспасөз релизі

"Ашық бюджеттер" порталында 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының жобаларын орналастыру туралы баспасөз релизі
"Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ 2026-2028 жылдарға бюджеттік бағдарламалардың паспорттарының жобаларын жариялағаны туралы хабарлайды.
2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 467/59-VIII «Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 352/47-VIII «Астана қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі
001 «Автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде жүзеге асыру қызметтері»:
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4368640?editable=false

003 «Көлік инфрақұрылымын дамыту»
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4368643?editable=false

004 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4368647?editable=false

010 «Әлеуметтік маңызды ішкі бағыттар бойынша жолаушылар тасымалына субсидиялау»
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4368651?editable=false

021 «Тұрғын пункттерде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
https://budget.egov.kz/arm/#/admin/budget-programs/list/published/budget-program/4368655?editable=false

 

05 октября 2026
Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифін 150 теңге мөлшерінде белгілеу туралы

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифі 90 теңге мөлшерінде 2014 жылы белгіленген. Өткен 12 жыл ішінде жол жүру ақысы небәрі бір рет қайта қаралып, бүгінде 110 теңгені құрап отыр.

Бұл ретте 2014 жылдан бері тасымалдаушылардың негізгі шығындары, атап айтқанда, жанармай, қосалқы бөлшектер мен жаңа автобустардың құны, сондай-ақ жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығындар айтарлықтай өсті. Мәселен, 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге болса, қазіргі уақытта оның бағасы 329 теңгені құрайды. Осылайша, аталған кезеңде дизель отынының құны 3 еседен астам өсті.

Жүргізушілердің еңбекақысына жұмсалатын шығын да айтарлықтай артты. Мәселен, 2014 жылы жүргізушілердің орташа жалақысы шамамен 100-150 мың теңгені құраса, қазіргі уақытта автобус класы мен жұмыс режиміне қарай 700 мың теңгеден басталады.

Осы кезеңде қосалқы бөлшектердің, автомобиль шиналарының, аккумулятор батареяларының, автобустарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысының, сондай-ақ жаңа жылжымалы құрамды сатып алу құны да едәуір өсті.

Шығынның айтарлықтай өсуіне қарамастан, елордада қоғамдық көлікті кезең-кезеңімен жаңарту және дамыту жұмысы жүріп жатыр. Соңғы үш жылда тасымалдаушылар қауіпсіздік, жайлылық және экологиялық талаптарға сай келетін 1127 жаңа жылжымалы құрам сатып алды.

Бұл ретте Астанада тұрғындарды әлеуметтік қолдаудың қолданыстағы шаралары сақталады. Астана қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы №244/30-VI шешіміне сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі беріледі.

Тегін жол жүру құқығы азаматтардың мына санаттарына беріледі:

1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген азаматтар;

2. жасы бойынша және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ зейнет жасына жеткен, жасы бойынша және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3. көпбалалы аналар;

4. көпбалалы отбасылар;

5. мүгедектігі бар адамдар;

6. он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар, оның ішінде олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) бірі;

7. Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар арасынан саяси қуғын-сүргін құрбандары, «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталғандар.

Сонымен қатар 2020 жылғы наурыздан бастап Астанада білім алатын 18 жасқа дейінгі балалар үшін де жол жүру тегін.

Сонымен бірге Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне сәйкес жүргізілген есептеулерге сай, 2026 жылы бір сапардың орташа есептік құны қолданыстағы жол жүру ақысынан айтарлықтай жоғары. Пайдалану шығындарының өсуіне, қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, автобус паркін одан әрі жаңартуға және маршруттық желіні дамыту қажеттілігіне байланысты 1 желтоқсаннан бастап қолма-қол ақшасыз төлем кезінде жол жүру ақысын 150 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылады.

02 октября 2026
Жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты төмендегі қиылыстарда автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай шектеледі:

Жол жұмыстарының жүргізілуіне байланысты төмендегі қиылыстарда автокөлік құралдарының қозғалысы толықтай шектеледі:

– 1 қазан сағат 23:00-ден 2 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев даңғылы мен Б. Момышұлы даңғылының қиылысында;

– 2 қазан сағат 23:00-ден 3 қазан сағат 07:00-ге дейін Р. Қошқарбаев даңғылы мен М. Жұмабаев даңғылының қиылысында.

Маршруттарды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз.

25 сентября 2026
Қала тұрғындары мен қонақтарына Қосмонавтар көшесінде, Алпамыс батыр көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Қала тұрғындары мен қонақтарына Қосмонавтар көшесінде, Алпамыс батыр көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралықта жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 26 және 27 қыркүйек аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.

21 сентября 2026
Қала тұрғындары мен қонақтарына А-334 көшесінде салмақ өлшейтін датчиктерді орнату үшін бетон жабындысын төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың 29 қыркүйегіне дейін жалғасатынын хабарлаймыз.

Қала тұрғындары мен қонақтарына А-334 көшесінде салмақ өлшейтін датчиктерді орнату үшін бетон жабындысын төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың 29 қыркүйегіне дейін жалғасатынын хабарлаймыз.

Осы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабық.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы уақытша айналма жол арқылы екі бағытта да ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескерулеріңізді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.

19 сентября 2026
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы инженерлік желілерді салу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.

ГУ «Управление транспорта и развития дорожно-транспортной инфраструктуры города Астаны» сообщает о проведении работ по устройству инженерных сетей. 

В связи с этим с 20 сентября по 5 октября текущего года будет полностью перекрыто движение для автотранспортных средств на пересечении улиц Анет баба и ЕК-26. 

Просим водителей и пешеходов заранее планировать свои маршруты и учитывать возможные изменения в организации дорожного движения. Приносим извинения за временные неудобства.

17 сентября 2026
Қала тұрғындары мен қонақтарына Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысында «Астана қаласының Есіл ауданындағы Алматы көшесі бойымен көлік туннелін салу жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Қала тұрғындары мен қонақтарына Ақмешіт және Алматы көшелерінің қиылысында «Астана қаласының Есіл ауданындағы Алматы көшесі бойымен көлік туннелін салу жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.

Осыған байланысты 19 қыркүйек күні сағат 21:00-ден бастап аталған қиылыста көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Қозғалысты шектеу жыл соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және
қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында жол белгілері мен бағыттағыш көрсеткіштер орнатылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы