“Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы” ММ Достық пен Ақмешіт көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 24-25 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы айналып өту схемасына сәйкес іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.