
"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Орынбор көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі Тұран даңғылы бойынша Барыс Арена спорт кешенінің алдындағы жергілікті жол жүрісіне жоғарғы қабатын төсеу бойынша жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлайды.
Жергілікті жол жүру учаскесі ағымдағы жылдың 22-23 тамызы аралығында толығымен жабылады.
Жол жөндеу жұмыстары кезеңінде "The Square Бизнес-орталығы" және "Барыс-Арена СК" аялдамаларына қалалық қоғамдық көліктер қызмет көрсетпейді.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.