"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Өндіріс тас жолы бойынша Солтүстік айналма жолдан көлік айрығына дейін жүк автокөліктерін өлшеудің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жол қозғалысын толық жабу арқылы жұмыстар жүргізілетіні туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 24 шілде сағат 06:00-ден 23:50-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.