Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сіздерді М. Төлебаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі учаскедегі Бурабай көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын басталғаны туралы хабардар етеміз.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 24-26 тамыз аралығында автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен
қарауды сұраймыз.