"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту баскармасы" MM жол қозғалысы қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында Астана каласының ПД әкімшілік полиция Басқармасымен келісе отырып, Қордай көшесінде орташа жол жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 22 мен 25 маусым аралығында автокөлік құралдары үшін Б.Момышұлы даңғылынан бастап Балқантау көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында өз
маршруттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен
қарауды сұраймыз.