Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша "Е466 көшесінен Е321 көшесіне дейінгі учаскеде Е464 көшесін және Е321 көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейінгі учаскеде Е466 көшесін салу" жобасы шеңберінде Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Е321 және Е466 көшелерінің қиылысында жол негізін жайластыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 21 маусымынан 22 шілдесіне дейін Е321 көшесі бойынша Е 466 көшесімен қиылысында қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол құрылыс жұмыстарына түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.