Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Мұхтар Әуезов көшесіндегі жол төсемін жөндеудің басталғаны туралы хабарлайды.
Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 16-20 тамыз аралығында Бөгенбай батыр даңғылынан Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз.