Меню

Страницы

Статья

Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары: қалай аударып, қашан алуға болады?

 «БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар» 

1) Ерікті зейнетақы жарналары туралы толығырақ айтып беріңізші.

         Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жарналардың келесі түрлері аударылады: міндетті (жұмыс беруші жұмыскердің жалақысының 10%-ын ай сайын аударады), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс беруші өз есебінен зиянды және қауіпті кәсіп жұмыскерлері кірістерінің 5% мөлшерінде төлейді). Сондай-ақ 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілді. Бұл жарна 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5% - дан, 2028 жылы біртіндеп 5%-ға дейін) төленеді. Бұған қоса жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бар. Жеке тұлға өзі және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар – өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат салады. Айта кеткен жөн, ЕЗЖ-ны азаматтар өз қалауымен төлейді, мөлшері мен жиілігін дербес белгілейді Бұл – жарналардың осы түрінің артықшылықтарының бірі.

2) Ерікті зейнетақы жарналарын қалай аударуға болады? Мұны жұмыс беруші жасай ала ма?

         Ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) жеке және заңды тұлғалар аудара алады. Жеке тұлғалар қаражатты өз табысы есебінен өз пайдасына және (немесе) жақындары үшін аударса, заңды тұлғалар өз қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына аудара алады.

        Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ жұмыс берушіге өтініш беру арқылы аударуға болады. Өтініш негізінде қаражатты жұмыс беруші Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) көрсетілген тұлғаның пайдасына аударады.

       ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ – шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ:

  • агенттер ЕЗЖ аударған кезде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде;
  • жеке тұлға өзінің немесе үшінші тұлғаның пайдасына алғашқы жарна аударған кезде өтінішсіз ашылады.     

3) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдерді қашан және қалай алуға болады? 

          ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, олар мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

         Елу жасқа толған немесе мүгедектігі бар адамдарға ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алу туралы өтінішті БЖЗҚ-ға enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинет арқылы, сондай-ақ Қордың кез келген бөлімшесіне барып тапсыру қажет.

          ЕЗЖ есебінен төлем алу тәртібі туралы толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер»/«ЕЗЖ есебінен төлемдер» бөлімінде жарияланған.

         Барлық жарна түрлері есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалауға болады.

4) Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері қандай жағдайларда автоматты түрде тағайындалады?

         Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта және БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында айқындалған тәртіп пен талаптарға сай жүргізіледі. 2026 жылғы наурыз айынан бастап елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты төлем алу үшін бұрын БЖЗҚ-ға жүгінбеген, бірақ БЖЗҚ-да ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар және зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларға ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындаудың өтінішсіз тәртібі енгізілді.

        ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін (егер бар болса) тағайындаудың өтінішсіз тәртібі:

  • зейнеткерлік жасқа толуына байланысты мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді алу үшін белгіленген тәртіппен Мемлекеттік корпорацияға өтініш білдірген кезде;
  • ЕЗЖ есебінен төлемдерді проактивті қызмет шеңберінде жүзеге асыру, бұл ретте жыл сайын Мемлекеттік корпорациямен жүргізілетін салыстырып тексеру нәтижелері бойынша көрсетілген тұлғалардың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бюджет қаражаты есебінен тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің және (немесе) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің бар-жоғын анықтау негізге алынады.

           Өтінішсіз тәртіп зейнет жасына толған тұлғаларға қатысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға бірыңғай тәсілді қалыптастыру мақсатында енгізілді. Бұл жаңашылдық ЕЗЖ есебінен төленетін зейнетақы төлемдерін оңтайландырып, жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ елу жасқа толуына немесе мүгедектікке байланысты бұрын БЖЗҚ-ға төлем алу үшін жүгінбеген тұлғалардың ЕЗЖ есебіндегі зейнетақы жинақтарының талап етілмей қалу тәуекелін болдырмайды.

          ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдері, егер ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспаса (2026 жылы – 828 588 теңге (12 × 69 049)), біржолғы тәртіппен жүзеге асырылады немесе міндетті жарналар түрлері есебінен төленетін төлемдермен қатар ай сайынғы кесте бойынша зейнетақы жинақтары толық таусылғанға дейін төленеді. Сонымен қатар, алушы БЖЗҚ-ға ЕЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру шарттарын өзгерту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы.

5) Ерікті зейнетақы жарналары мұраға беріле ме?

         Зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинағы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған кезде немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда мұрагерлік заң күшіне енеді.

6) Ерікті зейнетақы жарналары инвестицияланады ма? Оларды инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға бола ма?

          Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50%-ға дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық аударуға болады.

         Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу – ЕЗЖ-ның тағы бір артықшылығы.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

Дата публикации
08 мая 2026
Дата обновления
08 мая 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы