2025 жылғы желтоқсанның 4-нде 10:00 және 12:00-де «БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – Қор, БЖЗҚ) онлайн-форматта Ашық есік күнін өткізеді.
Тақырыбы: «Ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар».
4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі.
Ашық есік күніне қатысушылар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық мәселелер бойынша ақыл-кеңес ала алады.
Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет:
Сағат: 10:00
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m3321039807335e35354b6684ed408100
Еvent-кеңестің нөмірін: 2510 147 6520
Еvent-кеңестің паролін: 123456
Сағат: 12:00
Іс-шараға қатысу үшін сілтеме: https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mc5eac1469e44d1ce5285c34df7677c9c
Еvent-кеңестің нөмірін: 2516 043 8848
Еvent-кеңестің паролін: 123456