Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ мамандары жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы бірегей шеберлік сабағын өткізеді

Семинарға офлайн немесе онлайн қатысудың таптырмас мүмкіндігі

Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды.

Биыл бұл іс-шара аралас форматта ұйымдастырылмақ: БЖЗҚ-ның Алматы қаласындағы Орталық аппаратында (Самал-2, 97-үй) офлайн өткізілсе, еліміздің басқа қалаларындағы тыңдаушыларымыз бен спикерлер шараға онлайн қосыла алады.

2025 жылдың 20 қарашасында баяндамалар орыс тілінде, 21 қарашасы күні қазақ тілінде 10-00 бастап 12-00 дейін оқылады.

 Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

  • Әлемдегі зейнетақы жүйелерінің түрлері мен негізгі түсініктері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі. БЖЗҚ қызметі (Неліктен көптеген елдер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы және аралас түріне көшуде?
  • Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланатыны туралы таныстырылымды ҚР Ұлттық банкінің басқарушылары ұсынады).
  • Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда. Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар туралы ақпаратты қайдан алып оқуға болады?
  • Зейнетақы жинақтарынан төлемдер. Зейнетақы төлемдеріне салықтар.
  • БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды алғашқы көзден алынған ақпараттар негізінде қалай дайындауға болады? (БЖЗҚ-ға, ҚРҰБ-қа, ЕХӘҚМ-ге, ҚНРДА-ға қандай сұраныстармен жүгінген жөн, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат алудың тікелей арналары: enpf.kz сайты, әлеуметтік желілер, press@enpf.kz, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасы - қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті пікірлері)

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді өзіңіз туралы:

  • ТАӘ,
  • БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы,
  • қатысу күні,
  • қатысу форматы (офлайн/онлайн),
  • электрондық мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесін жіберу үшін) мәліметтерді көрсете отырып, press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

Семинар бағдарламасы қосымша тіркелген.

 

Дата публикации
05 ноября 2025
Дата обновления
05 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы